Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

БЖЗҚ салымшыларының шоттарына жыл басынан бері 871,9 млрд теңгеден аса таза инвестициялық табыс есептелді

« Назад

БЖЗҚ салымшыларының шоттарына жыл басынан бері 871,9 млрд теңгеден аса таза инвестициялық табыс есептелді 22.10.2020 14:52

      2020 жылдың басынан бастап 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 871,9 млрд теңгеден аса таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 443,1 млрд теңгеге артық. Ал 2019 жылдың 8 айындағы таза инвестициялық табыс 428,8 млрд теңгені құрағанын естеріңізге саламыз.

Зейнетақы активтерінің 8 айдағы табыстылығы 7,88% құрады, ал инфляция 4,6% болды. Жылдық (тамыз 2019 - тамыз 2020) табыстылық 10,1% көрсетсе, инфляция 7% құрады. Осылайша нақты табыстылық оң нәтиже көрсетті.   

Егер одан ұзағырақ кезеңдерді қарастыратын болсақ, зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарған 2014 жылдан бастап 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі кезең ішіндегі табыстылық 83,2%-ға жетсе, инфляция 64,6% болды. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 18,6% асып түсті.   

Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген 1998 жылдан бастап 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі таза инвестициялық табыс 5 трлн теңгеден асты. Осы уақыт ішіндегі инвестициялық табыстылықтың біртіндеп өсу нәтижесі 583,6% құрады. Бұл реттегі инфляция деңгейі біртіндеп өсу нәтижесімен 480,6% болды. Сөйтіп, зейнетақы активтерінің 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі нақты табыстылығы 103%-ды көрсетті.

«БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз орталығы.