Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылғы 7 айда көрсеткен қызметтерінің саны 30 миллионға жуықтады

« Назад

«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылғы 7 айда көрсеткен қызметтерінің саны 30 миллионға жуықтады 09.09.2024 10:25

01.01.2024ж. бастап 31.07.2024ж. аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 29,2 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 13,3 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 14,8 млн қызмет автоматты түрде, ал қашықтықтан шамамен 0,38 миллионы жүзеге асырылды. Күндізгі форматта 689 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 663 мың қызмет ұсынылды.  

 Өздеріңізге белгілі, БЖЗҚ цифрлық форматта көрсетілетін қызметтер тізбесін үнемі жаңартып, кеңейтіп отырады. Тиісінше, салымшылардың Қор  кеңселеріне бармай-ақ алатын қызметтер саны өсуде. Оның ішінде, нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) мен карта ашу. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі. Қызметтердің көп түрі, оның ішінде, шоттарды автоматты түрде ашу, кәмелетке толмаған азаматтарға нысаналы талаптарды есептеу және ЖМЗЖ сомаларын есепке алу БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялануының арқасында мүмкін болып отыр. Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аудару нәтижесінде ашылған ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын (НЖШ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 4,5 млн бірліктен асты.

Сервистерді цифрландырудың арқасында БЖЗҚ салымшыларына жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ, нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірмелер алу қызметін пайдалану өте оңай, әрі тез. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 15,2 млн астам үзінді көшірме берілді. Оның ішінде 12,0 млн үзінді көшірме электронды түрде және шамамен 2,7 млн автоматты режимде рәсімделді.

БЖЗҚ сайттағы және ұялы қосымшадағы Жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне, банктік деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар екенін еске салады. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу, ерікті зейнетақы жарналарын аудару және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.  

2024 жылғы есепті кезеңде деректемелерді өзгертуге 128 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 116,8 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызметке жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыру бойынша да қосымша кеңестер ала алады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында шамамен 24,3 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 513,2 мың адам қатысты. Олардың барлығы жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы сұрақтар қойып, мамандардан білікті кеңестер ала алды. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 23,4 мың материал жарияланды.

Салымшылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 385 мың.

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.