"БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күні" іс-шарасына шақырады
« Назад2024 жылғы 20 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары" тақырыбына арналған "Ашық есік күнін" онлайн-форматта өткізеді.
Мақсаты - салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды болашақ зейнетақыны есептеу және оны ұлғайту жөніндегі жоспарды қалыптастыру/түзету үшін қажетті "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" ыңғайлы құралдарымен таныстыру.
Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (іс-шараға қатысушыларға) зейнетақы калькуляторы арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керектігі туралы түсініктеме беріледі. Зейнетақы жоспарын қалай жасап, қажет болған жағдайда, қалай өзгертуге болатыны да көрсетіледі. "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" қызметтерін пайдалану бойынша жаңа мүмкіндіктер туралы әңгімелеп береді.
Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңес беруге дайын.
Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" онлайн-форматта 20 қыркүйек күні сағат 10:00 де қазақ тілінде, 12:00 де орыс тілінде және 15:00 де қазақ тілінде өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет https://enpf.webex.com/weblink/register/rea9ba367e18ab2e2e1dc81c5664a1ff3.
Содан кейін event-кеңестің нөмірін: 2519 191 8700 және event-кеңестің құпиясөзін: 2Akk енгізіңіз.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!