Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мемлекеттік қызмет түрлері

« Назад

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мемлекеттік қызмет түрлері 22.10.2019 16:20

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №19-1/422 және 2016 жылғы 18 наурыздағы №127 бұйрығына сәйкес Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы төмендегі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. Арнайы су пайдалануға рұқсат құжатын рәсімдеу ҚР Су кодексiнiң 66-бабының 1-тармағында аталған құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жер үстi суларын тарту және (немесе) пайдалану; ҚР Су кодексiнiң 66- баптың 1-тармағында көрсетiлген құрылысжайларды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тәулiгiне елу текше метрден бастап алу лимиттерiмен жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану; пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндiру кезiнде iлеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кенiш) суларын, өнеркәсiптiк, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған, сарқынды және басқа да суларды жерүстi су объектiлерiне, жер қойнауына, су шаруашылығы құрылысжайларына немесе жер бедерiне ағызу;
  2. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу;
  3. Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау;
  4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу.

Қажетті анықтамаларды төмендегі мекен жайдан алуға болады: Қызылорда     қаласы, Аманкелді көшесі, 107.

Телефондары: 23-56-70, факс(8-724-2) 23-56-07.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы.