Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Ағымдағы жылы БЖЗҚ 17,4 миллионнан аса қызмет көрсетті

« Назад

Ағымдағы жылы БЖЗҚ 17,4 миллионнан аса қызмет көрсетті 21.01.2021 10:21

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 11 айы ішінде өз салымшыларына 17,4 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус індетіне (COVID-19) байланысты ағымдағы жылы қабылданған бірқатар шектеу шараларына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 10,9% немесе 1,7 млн. бірлікке артты.

Мұндай өсімге көбінесе БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің танымалдығының арқасында қол жеткізілді. Себебі, Қор қызметтерінің 92% (16,1 млн) онлайн форматта көрсетілген. БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұлар жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге және (немесе) көшуге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.

БЖЗҚ-ның 171 бөлімшесі барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қызметтерін жалғастыруда. Олар салымшыларға 11 ай көлемінде шамамен 1,3 миллион қызмет көрсетті. Сондай-ақ БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсететін бөлімдері де бар, олар 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қор  салымшыларына 83,7 мың қызмет көрсетті.

Бұдан басқа, еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту үшін «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Қордың салымшылары мен алушыларына қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыруда. БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ елді мекендерде салымшылар қызмет алу үшін бұрын жақын маңдағы ірі елді мекендерге бару қажет болған қызметтерді ала алады. 2020 жылдың 11 айында Қазпоштада Қор салымшылары 5,6 мыңға жуық қызмет алды.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамыту. 2020 жылғы 1 қаңтардан 30 қарашаға дейін салымшылардың кері байланыс арналары арқылы жасаған өтініштерінің саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі еседен астамға ұлғайды: 2019 жылдың сәйкес кезеңінде 648,3 мың өтініш берілген болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 1,3 млн-ға жетті.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)  байланыс орталығынан кеңес ала алады. Сонымен қатар кеңесті www.enpf.kz корпоративтік сайты, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы да алуға болады. 

«БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз орталығы.