Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

2019 жылдың 8 ақпанынан бастап Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енеді

« Назад

2019 жылдың 8 ақпанынан бастап Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енеді 20.03.2019 10:17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 39 бұйрығымен Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді. Бұл Қағидалар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 қаңтарда № 18233 болып тіркелді және ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 28 қаңтарында жарияланды. Қағидалар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енгені белгілі. Бұл ретте 2018 жылғы 1 қазаннан бастап негізгі қарыз сомасын төлеу күніне дейін есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады. Бұл ретте мониторингке жататын, ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар (жер асты суын өндіру, емдеу балшығына құқығы бар жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда), акцизделетін өнімді өндіретін өндірушілер салықтық рақымшылыққа жатпайды.  Рахымшылыққа ілігу үшін салық төлеушілерге ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кірістер органдары салықтық бет есептеріне мониторинг жасап, негізгі салық қарызын төлеген жағдайда, үш жұмыс күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешімдерін шығарып отырады. Салық төлеушілер негізгі қарызы, өсімпұл мөлшерінің сомасын анықтау үшін «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында бет есебінен үзінді алуына болады. Сондай-ақ, Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсы және «Электрондық үкімет» порталы «Салықтық берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы ақпарат» электронды сервисі арқылы онлайн режимінде ЖСН/БСН бойынша салықтық берешектің болуы / болмауы туралы ағымдағы ақпаратты алуға болады.

Н. Ержанов,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасының
бөлім басшысы.