Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Жемқорлықтың алдын алу - баршамызға парыз

« Назад

Жемқорлықтың алдын алу - баршамызға парыз 24.03.2017 11:00

Бүгінгі күнгі қоғамның ең қытымыр тақырыптарының бірі – бұл сыйбайлас жемқорлық. Сондықтан да, сыбайластықпен күрес еліміздің ең ауқымды шараларының бірі, тиісінше саясатымыздың басым бағыттары болып табылатыны анық.
Елбасы саясатының бағытына және жоғарғы орган тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылады.  Оған дәлел ретінде нормативтік құқықтық актілердің қабылдануы да, мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қатысуымен жүйелі түрде  жүргізіліп жатқан дөңгелек үстелдер, кездесулер, семинарлар, «ашық есік күндері», техникалық сабақтарды атап айтуға болады
Барлық мемлекеттік кірістер органдарында салық саласындағы мемлекеттік қызмет түрлерін сапалы және уақытылы алу үшін салық төлеушілерге оңтайлы жағдай жасалған, өз кезегінде ол қызмет көрсетудің уақытын едәуір қысқартады және бюрократиялық кедергілер мен әуре сарсаңды азайтады.  Мемлекеттік қызметті алу ыңғайлы болуы үшін «Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығы» (АҚО), салық есептілігінің барлық түрін жөнелту үшін «Терминал» қызмет атқарады.  Кезекті реттеу  және мемлекеттік қызмет алу уақытын қадағалау мақсатында  АҚО электронды табломен жабдықталған.
Республикалық және жергілікті басылымдарға үнемі мақала, хабарландырулар, сонымен қатар жергілікті телеарна мен радиода сұхбат, хабарламалар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыбында жарық көреді.
2016 жылға БАҚ 52 мақала мен хабарландырулар, телеарна және радиоэфирде 73 сұхбаттар мен хабарламалар жарық көрді. Салық төлеушілердің қатысуымен семинарлар, дөңгелек үстелдер, «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты ашық есік күндері өткізілді.
Сонымен қатар, халықтың құқықтарын қорғау, мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қызметтік этикасының талаптарын сақтамау фактілерін анықтау мақсатында
«23-87-32» «сенім» телефоны қызмет атқарады. Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығында және Салық төлеушілер терминалында арыз-шағым жәшіктері орналастырылған.
 
C.Ержанова,
Қызылорда қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
бөлім басшысы.