Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты

« Назад

Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты 13.02.2018 15:12

   Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың 10.01.2018 жылғы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы бағыты бойынша Қазакстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс –шара жоспары Сыбайлас жемқорлық ел экономиканың көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылып, сондықтан да, оны  болдырмау, алдын алу мақсатында елімізге көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.  
  Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Сыбайлас жемқорлықпен  күрестің басты бағыты – оның алдын алу, яғни оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн.
  Құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе ымырасыз күрескеніміз дұрыс.

Ж.КАНАТБАЕВА,
Жалағаш ауданы бойынша МКБ-бас маманы.