Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Жемқорлықпен қарсы күрес - Болашағымыздың жарқын бейнесі

« Назад

Жемқорлықпен қарсы күрес - Болашағымыздың жарқын бейнесі 23.05.2018 14:18

Елбасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек жазаға тарту шаралары емес, бұл мемлекет пен қоғам жұмыстарының кешенді түрде жүргізілуге тиісті,  істің жүйелі жұмыстарының жиынтығы екенін атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің талаптарын сақтау үшін, мемлекеттік қызметкерлерді тәрбиелеу мақсатында Мемлекеттік кірістер басқармасында үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін бағытталған бағдарламалар жасалып, жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, аталған заңнамалармен мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер қойылған.

 Ең басты біздің міндетіміз- бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту. Адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қөзқарасын түбегейлі өзгерту. Қоғам үшін күрделі және қауіпті  проблеманы шешуден ешкім тыс қалмауы қажет. Өйткені, оған елдің болашағы ғана емес, әрқайсымыздың тағдырымызда байланысты.

Бұл тұрғыда  мемлекеттік органдар мен  мемлекеттік қызметшінің жұмысы, іс-әрекеті - шындық, айқындық адалдық, ашықтық принциптеріне негізделуі қажет. Барлығымыз жұмыла жұмған жұдырықтай  жемқорлықтың алдын алу мақсатында  заңдылық  аясында үнемі және жүйелі түрде жұмыс жасауға міндеттіміз.

Халыққа сапалы қызмет көрсету және жемқорлыққа жағдай туғызбау мақсатында басқармада «Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығы», «Салық төлемгерлерінің терминалы» қызмет атқарады. Онда жоғарғы мемлекеттік кірістер органымен бекітілген регламент талаптарына сәйкес, салық төлеушілерге сапалы қызмет көрсету көзделген.  Бұл шара  мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің халықпен тікелей қарым-қатынасын болдырмай, электронды түрде ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді және де кезек күту мәселесі де автоматтандырылған: себебі операциялық зал электронды табломен жабдықталған.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер басқармасының ақпараттық стенділерінде қызметкерлердің құқыққа қарама-қайшы келетін іс-әрекеттері туралы ақпарат жолдауға болатын электронды мекен-жайлар жөнінде мәлімет ілінген. Азаматтардың құқықтарын қорғау, Мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қызмет этикасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында басқармада 23-87-32 «сенім» телефоны жұмыс жасайды. Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтарында және «Салық төлеушілер терминалында» арыз-шағым жәшіктері орналастырылған. Арыз-шағым жәшігінің  call_gorkzil@taxkzil.mgd.kz  электронды мекен-жайы да қызмет етуде.

А.Култанов,
Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік
кірістер Басқармасының
бөлім басшысы.