Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЫМЫРАСЫЗ БОЛУЫ КЕРЕК

« Назад

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЫМЫРАСЫЗ БОЛУЫ КЕРЕК 28.04.2017 07:49

    Жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Ол сонымен бірге салық қызметі органдары үшін де көкейкесті мәселе болып табылады. Жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде салық қызметі органдарының құзыретіне теріс әсерін тигізіп, салық төлеушілердің сенімін жоғалтады. Бұған қоса мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуын тежеп, еліміздің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне едәуір кесірін тигізетіні анық. Осыған сәйкес мемлекеттік құрылымдарда жемқорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөлініп, оның алдын алу шаралары, сондай-ақ басқарма қызметкерлері арасында да осы кеселге қарсы тұру бойынша тәрбиелік жұмыстар жүргізілуде.Қазіргі күнде салық қызметі органдарында электрондық салық қызметін ұсыну арқылы салық төлеушілермен байланыс азайтылып жатыр.Салық төлеушілер өтініштерінің орындалуын бақылайтын терминалдар, күн сайын әр түрлі мәселе сұрақтармен келетін жүздеген салық төлеушілерге қызмет көрсететін ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары ашылған. Бақылау жүргізу мақсатында орталықтарда бейнебақылау камералары орнатылған. Қызметкерлердің моралдық бет бейнесін көтеру үшін профилактикалық шаралар жүргізілуде. Қызметкерлер үнемі салық , әкімшілік және жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалармен танысып отырады. Жемқорлыққа қарсы күрес- бұл қоғамның біртұтас жұмысы. Тек ортақ күш-жігермен мемлекеттік қызметкер де, салық төлеуші де оған қарсы тұрса, мемлекет қойған басты басымдық пен мәселені шешуге әбден болады.

Қ.Шалов,
Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасының бас маманы.