Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Жемқорлық-азаматтығымызға сын екенін ұмытпайык!

« Назад

Жемқорлық-азаматтығымызға сын екенін ұмытпайык! 28.04.2017 07:52

    ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп –қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.

     Бүгінгі  күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған мемлекеттік басым бағыттарды іске асыру мақсатында Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы да өз құзыреті шегінде жұмыстар атқарып келеді . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту мақсатында қызметкерлердің қатысуымен жиналыстар, техникалық оқулар, дөңгелек-үстелдер жиі өткізіліп тұрады. Жеке және заңды тұлға өтініштерін қарау тәртібі , жеке сұрақтарымен қабылдау жұмыстары заңға сәйкес жүргізіліп келеді .

    Қазіргі таңда ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығын, «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» мәтінін үнемі насихатталып, қызметкерлерге таныстырылған.

Г.Қожамұратова,
Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы жетекші маман.