Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЕР САЛЫҒЫ ЖӘНЕ МҮЛКІНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ БОЙЫНША ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

« Назад

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЕР САЛЫҒЫ ЖӘНЕ МҮЛКІНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ БОЙЫНША ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР 31.03.2017 17:04

Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 03 желтоқсанындағы №432-V Заңымен жеке тұлғалардың жер салығы және мүлкіне салынатын салық бойынша келесідей өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілді.

Енді жеке тұлғалар 2017 жылдың мүлік салығы мен жер салығын 2018 жылы 01 қазанға дейін төлейді.

Қолданысқа енгізілген өзгерістерге сәйкес енді әскери қызметшілер мүлік салығын төлейтін болады (осыған дейін мерзімді қызметті өткеру (оқу) кезеңіндегі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мүлік салығынан босатылған болатын).

ІІІ топ мүгедектері меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеуден босатылады. Бұған дейін ІІІ топ мүгедектері мүлік салығын төлейтін.

Мысалы, 2017 жылдың мүліктің бағалау құны 5 165 205 теңгені құраған болса, айлық есептік көрсеткіш 2 269 теңге (1500 х 2 269 = 3 403 500 теңге – салық салудан босатылуға жататын мүліктің бағалау құны), 5 165 205 – 3 403 500= 1 761 705 теңге – салық салуға жататын мүліктің бағалау құны, яғни, осы сомаға салық есептеледі. Сонымен, 2017 жылдың мүлік салығының сомасы 881 теңгені құрайды, ал бұған дейін оның сомасы 3 765 теңге болатын.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірлескен ортақ меншіктегі мүлік бойынша өздерінің арасындағы келісіммен осы мүлік бойынша меншік иелерінің бірі салық төлеуші болады.

Сонымен қатар, егер бұған дейін жеке тұлғалар аяқталмаған құрылыс объектілері үшін қоныстану, пайдалану күнінен бастап мүлік салығын төлеген болса, енді бұл норма алынып тасталды, яғни, осы объектілер бойынша мүлік салығын төлемейді.

Салық кодексіне енгізілген жаңа нормаға сәйкес жеке тұлғалардың мүлік, көлік және жер салықтары бойынша есептелген салық сомалары туралы ақпаратты жеке тұлғаларға жеткізу тәртібі келесідей айқындалған:

         1)салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру арқылы;

         2)коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етушінің құжаттарында көрсету арқылы;

         3)салық төлеушінің электронды пошталарына жолдау арқылы;

         4)салық төлеушінің ұсынған мобилді телефон нөмірлеріне СМС-хабарлама жолдау арқылы.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеуші өзінің телефон нөмірлері және электрондық поштасының мекен-жайлары туралы мәліметтерді салық органына ұсынуға құқылы.

Қолданысқа енгізілген өзгерістерге сәйкес есептелген салық сомалары туралы хабарлама жеке тұлғаларға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тапсырылады.

Аталған хабарлама жеке тұлғаларға  2018 жылдың 15 шілдесінен бастап тапсырылатын болады. Тапсырысты хат арқылы жолданған хабарламалар «Қазпошта» АҚ мұндай хабарламаны оны қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жеткізуге тиіс.

Қолданысқа енгізілген өзгерістерге сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салық берешегі туралы жаңа хабарлама түрі белгіленген.

Аталған хабарлама салық төлеушіге салық органы салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегінің сомаларын өндіріп алу туралы материалдарын сотқа жүгінген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жолданады.

Т.Ысқақов,
Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасының бас маманы.