Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Жеке тұлғалардың иелігіндегі пәтерлерін жалға беру

« Назад

Жеке тұлғалардың иелігіндегі пәтерлерін жалға беру 26.06.2019 16:38

Елімізде кез-келген жеке тұлға өзінің иелігіндегі жылжымайтын мүлігін яғни, оның ішінде пәтерін жалға беруге мүмкіндігі бар. Егер, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабында белгіленгендей, жылдық кірісі ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, (42500*12=510 000 теңге) жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде салық органына тіркеу есебіне тұрмастан, жеке табыс салығы бойынша 240.00 нысанды салықтық есептілгі нысанын табыс ету арқылы қызметін жүзеге асыра алады. Ал, салық органына дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұрған жағдайда, арнаулы салық режиміндерінің (бұдан әрі-АСР) бірін дербес таңдауға құқылы.

Дара кәсіпкер,  патент негізінде арнаулы салық режимін қолданғанда, тапқан табысынан 1 пайыз мөлшерінде салық төлейді. Патент негізіндегі АСР қолданғанда  салық кезеңіндегі кірісі-3 528 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс. (3528*2525=8 908 200 теңге). 

Оңайлатылған декларация негізінде АСР жалпы табысынан 3 пайыз мөлшерінде салық есептеледі. Салық кезеңіндегі шекті кірісі- 24 038 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды (24038*2525=60 695 950 теңге) және жалдамалы жұмысшы саны-30 адамнан аспауы тиіс.   Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс атқаратын кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметінде  қолма-қол ақшалай есеп айрысу жасаған жағдайда, міндетті түрде бақылау касса машиналарын қолданып, тұтынушыға бақылау-касса машинасынан түбіртек беруі тиіс.

Сондай-ақ, пәтерлерді жалға беру қызметін заңсыз жүзеге асырған тұлғалар заңнама аясында жауапкершілікке тартылады. Мұндай фактілер, жергілікті Полиция департаментінің учаскелік қызметкерлерімен бірлесе отырып, жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде анықталып жатады. Егер, салық төлеуші осындай қызметті заңсыз жүзеге асырса ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 463-бабына сәйкес жауапкершілік қаралған.

  Е.Ержанов,
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті,
"Камералдық мониторинг" басқармасының бас маманы.