Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық

« Назад

Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық 01.08.2019 10:21

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойған салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін заң шеңберінде  жеке тұлғалар негізгі қарызын төлеген жағдайда, өсімпұлдарына салықтық рақымшылық жүргізіледі.

Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық бойынша сұрақтарға жауаптар

1. Жеке тұлғаның  өсімпұл сомасын есептен шығару Ережелері қандай құжатпен реттеледі? 

Жеке тұлғаның өсімпұл сомасын есептен шығару Ережесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 7 шілдегі №1773 бұйрығымен реттеледі.

2. Жеке тұлғаның  қандай берешек сомалары  есептен шығаруға жатады? 

2019 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша  дербес  шотта есептелінген өсімпұл сомалары есептен шығарылады, сондай-ақ  2019 жылғы 1 қантарға дейінгі салық кезеңінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомалары бересі сомалары төленген жағдайда есептен шығарылады.

3. Қандай жағдайда өсімпұл есептен шығарылуы мүмкін? 

Өсімпұлды есептен шығару 2018 жылғы мүлік салығын және жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, 2019 жылғы 1 қантарға дейін салық кезендері үшін салықтық міндеттемелер бойынша қалыптасқан бересінің толық сомасына жүргізіледі. Бұл ретте, бюджетке төленген бересі салық және басқа да міндетті төлемдер түріне сәйкес өсімпұл есептен шығарылады.

4. Жеке тұлға үшін бір жылдан астам есептелген бересі сомасы есептен шығаруға жатады ма?

2019 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша он бес жылдам астам дербес шотта есептелінген бересінің сомаларына, сондай-ақ оны есептен шығару күніне дейінгі, көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларына қолданылады.

Осы ережелер салық төлеушілерге - жеке тұлғаларға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жеке нотариустар, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиаторлар қызметін жүзеге асырумен байланысты, салықтық міндеттемелері бойынша жеке практикамен айналысатын тұлғаға, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаларға қолданылады.

5. Түгендеу қандай мерзімде жүргізілуі тиіс? 

Түгендеу жұмыстары 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

6. Неше күнде  шешім шығарылады? 

Осындай салық төлеушілерді анықтаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы бересі сомасын төлеуге жататын жағдайда, өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім шығарады.  

К.Стамбекова,
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің
Өндірістік емес төлемдер Басқармасының басшысы.