Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАНАЙЫҚ

« Назад

ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАНАЙЫҚ 23.06.2017 10:49

  Терроризм мен діни экстремизмнің соңғы кезде әлем бойынша белең алып бара жатқаны анық. Діни саяси экстремизм діттеген мақсатына қол жеткізу үшін дінді қалқан ете отырып, өз әрекетін іске асырып келеді. Осындай қоғамға кері әсерін тигізетін мәселелердің алдын алу мақсатында облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының аудандағы теолог маманы Ж.Ысқақов аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, басқа да мемлекеттік органдарда, мектептерде оның зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
  Соған сәйкес, Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында да болып осы мәселеге байланысты  семинар өткізді.
   Семинарға аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
   Шараны Қармақшы ауданы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ.Сүлейменов ашып, жүргізіп отырды.
   Онда облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының аудандағы теолог маманы Ж.Ысқақов дәстүрлі емес жат ағымдардың шығу тарихын және оның ерекшеліктерін айтып, ата-бабамыз ұстанған ислам діні туралы жан-жақты түсіндірді.
    Семинарда оған қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

  Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы.