Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

«Жаңақорған-Құрылыс-2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әкімшілік жауаптылыққа тартылды

« Назад

«Жаңақорған-Құрылыс-2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әкімшілік жауаптылыққа тартылды 12.08.2019 11:26

       Жаңақорған аудандық прокуратурасының 2019 жылғы 26 маусымдағы №2-1004-19-01000 заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсынуы, 2019 жылғы  2 шілдедегі №2-1004-19-01050 ұсынуға қосымшасы негізінде, табиғи монополия субъектісі «Жаңақорған-Құрылыс-2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  (бұдан әрі - «Жаңақорған-Құрылыс-2010» ЖШС) тарапынан 2018 жылғы тарифтік сметаны орындамау, яғни табиғи монополиялар туралы заңнама талабын сақтамау фактісі анықталды. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

         Алайда, «Жаңақорған-Құрылыс-2010» ЖШС-гі 2018 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметаның орындалуына жүргізілген талдау барысында, Заңның 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасы талабының, яғни Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2017 жылғы 13 қазандағы №125-НҚ бұйрығымен бекітілген тарифтік сметаның орындалу бөлігінде сақталмағандығы анықталды. Яғни, сарқынды суды бұру қызметінің тарифтік сметасында қаралған шығындардан 5%-ды шегергендегі игерілмеу сомасы 6591,51 мың теңгені құрады, оның ішінде баптар бойынша: «шикізат және материал» - 1961,75 мың теңге,  «сатып алынатын энергиясы»- 1364,41 мың   теңге, «өндірістік   персоналының еңбек  ақысы»- 1021,67 мың теңге, «өндірістік персоналының әлеуметтік салығы»- 83,31 мың теңге, «амортизация»  -  252,61 мың теңге, «әкімшілік   персоналдың    еңбек ақысы»- 1789,02 мың теңге, «әкімшілік персоналдың әлеуметтік салығы»- 118,08 мың теңге, «салық» - 0,66 мың теңгеге игерілмеген.

         Сонымен, «Жаңақорған-Құрылыс-2010» ЖШС-мен Заңның 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасында белгіленген міндеттер орындалмаған. Осы ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Жаңақорған - Құрылыс-2010» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік өндірісі қозғалып, соммасы 139,9 мың теңгеге айыппұл салынды және айыппұл толығымен бюджетке өндірілді. Сонымен қатар, «Жаңақорған-Құрылыс-2010» ЖШС-не табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізілді.

                                      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті.