Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Өзгерістермен таныс болыңыздар!

« Назад

Өзгерістермен таныс болыңыздар! 19.09.2017 14:18

     ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 373, 403-баптарына сәйкес жеке меншiк құқығындағы салық салу объектiлерi бар, яғни жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі жер, тұрғын-үй қоры, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi мен  үй маңындағы жер учаскелерi және тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар объектісі бар жеке тұлғалар жер мен мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.

     2017 жылдың  1-қаңтарынан  бастап,  ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 391 және 409-баптарына енгізілген өзгерістерге байланысты, жеке тұлғалардың мүлік салығын,  жер салығын есептеуді салық органдары есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізетін болады. Бұл ретте салықтарды бюджетке төлеуді есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізуге тиіс.

    Яғни, 2017 жыл үшін мүлік және жер салығын төлеуші жеке тұлғалар жыл сайынғы салық төлемін 2018 жылдың 1-қазанына дейін төлейді. Төленетін салық мөлшері жөнінде алдын-ала аудандағы қала, кент және ауылдық округ әкімшіліктерінің тиісті мамандары тарапынан хабарламалар беріліп, таратылатын болады.

      
А. Ағыбаев,
Арал  ауданы бойынша
Мемлекеттік  кірістер басқармасының
бас маманы.