Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Заңнама талаптарының өзгерістері түсіндірілді

« Назад

Заңнама талаптарының өзгерістері түсіндірілді 12.06.2017 08:38

   Арал  ауданы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер   басқармасының  ұйымдастыруымен    ауданға  қарасты  Аралқұм  және  Сапақ  елді-мекендерінде  семинар  өткізілді. Семинарға  жеке  тұлғалар,  кәсіпкерлер  және  шаруа  қожалықтары  мен  заңды  тұлғалардың  өкілдері,  кәсіпорын  қызметкерлері  қатысты. Семинардың  басты  мақсаты -  ауданның  2017 жыл  бойынша салық  базасын  кеңейту,  ауылдық округтерде  қосымша кіріс көздерін  ұлғайту және  Салық  заңнамасына  еңгізілген   өзгерістерді халыққа кеңінен  насихаттау. Семинардың  күн  тәртібіндегі  бірінші  мәселе  бойынша  2017  жылдың  1 қаңтарынан  бастап  ҚР Салық   Кодексіне  енгізілген  өзгерістер бойынша  Арал  ауданы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер  басқармасының  бас  маманы  К.Алиева   баяндама  жасап,  жеке  тұлғалардың  мүлік,  жер,  көлік  салықтарына  қатысты   өзгерістеріне  нақты  тоқталып  өтті: Мәселен салық  кодексінің  391 және  409-баптарына өзгерістер енгізілуіне  сәйкес жеке тұлғалардың мүлік  салығы,  жер салығын есептеуді салық органдары есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізетін болады. Бұл ретте салықтарды бюджетке төлеуді есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі.  Яғни, бұл салықтарды есептеу мен төлеу бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін, осыған байланысты, салық кезеңі ішінде иелері өзгерген жағдайда салықтарды қайта есептеу қажеттілігі алынып тасталады. 2017 жылы жергілікті аталған салықтар бойынша берешектер бюджеттерге өткен салық кезеңдері  үшін  түсетін болады.403-бабы 2-тармағыың 3) тармақшасына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес  ІІІ топтағы мүгедектер салық салу меншік құқығындағы барлық объектілерінің жалпы құнынан АЕК 1500 еселенген мөлшері шегінде мүлік салығы жеке тұлғаларға салынатын салықтарды төлеуден босатылатын болады.405-бабында аяқталмаған құрылыс объектілері жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын объектілерден алынып тасталды. Ортақ мүлікті тіркеу кезінде салық төлеуге жауапты адамды көрсету керек. Салық төлеушілер 01.01.2017 жылдан бастап салықтарының төленгені немесе төленбегені туралы ақпаратты электронды  пошта  немесе СМС-хабарлама арқылы ала алады. Одан бөлек жер, көлік, өзге де мүліктік салықтарды қайда төлеу керек екені көрсетіліп, банк реквизиттері жазылатын тағы бір хабарламаның түрі шыққандығы  туралы ақпар  беріліп. Бұл хабарламаларды “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы салық төлеушінің электронды үкімет веб-порталындағы жеке кабинетінен  қарай  алатыны туралы  айтылды. Сонымен  қатар, семинарға  қатысушыларға  Салық  Кодексіне  жеке кәсіпкерлікті тіркеу туралы да бірқатар өзгерістер енгізілген  өзгерістер  енгізілгендігі  туралы түсіндірме  жұмыстары жүргізілді. Өзгерістерге  сәйкес азаматтар кәсіп бастауы үшін тіркелу міндетті емес. Тек  кәсіп  бастағанытуралы салық органына ескертіп хабарландыру  жібереді.  Бұл кәсіпті қайта тіркеуге де байланысты. Ол үшін  азаматтарға 10 жұмыс күні ішінде Халыққа  қызмет көрсету  орталықтарының  көмегімен  Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарландыру жіберсе салық қызметкерлері бір жұмыс күнінде кәсібіңізді қайта тіркеуден өткізеді. Салық  заңнамасына  енгізілген  өзгерістерге  сәйкес, заңды тұлғалармен   жеке  кәсіпкерлердің меншік  құқындағы  тұрғын  үй  емес қорына  жататын обьектілерді түгендеу  жұмыстарын  жүргізілу  керек екендігі айтылды.

   Басқарманың жетекші маманы Р.Косбаулина өз  баяндамасында  алкоголь өнімдерін өткізуді  лицензиялау, алкоголь өнімдерін  өткізудің  күніне 1 литрден кем болмауы, ілеспе жүк құжаттарын толтыру туралы, такси қызметімен айналысушылар, шоу бизнес өкілдерін салықтандыруды және тағы да басқа қызмет түрлері жөніндегі туындаған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, жиында шоу бизнес өкілдерін, такси қызметімен айналысушыларды және басқа да тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысушы тұлғаларды тіркеу міндеттілігі  туралы айтылды. Тіркелмеген жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің  талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгендігі ескертілді. Семинарда   кәсіпкерлер тарапынан  салық заңнамасына  енгізілген  өзгерістерге  байланысты  қойылған  сұрақтарға  заңдылыққа  сәйкес  жауап  қайтарылды. Тұрғындардың  кәсіпкерлік  мақсатта  пайдаланып  отырған  тұрғын  үйлерінің  құжаттарын  тіркетуді  ұйымдастыру  туралы   ауыл  әкімдеріне  ұсыныс келтірілді.

  Семинарға  қатысқан кәсіпкерлер мен тұрғындар Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан айтылып отырған мәселелердің дұрыс екендігін, түсіндірме жүргізіп, кәсіпкер ретінде тіркеу бойынша жұмыс жасайтындықтарын  және түсіндірме жұмыстарын жүргізгенге өз алғыстарын білдірді.

                                                         К. Алиева,
Арал  ауданы  бойынша Мемлекеттік
кірістер  басқармасының  бас  маманы.