Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жазалау

« Назад

Заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жазалау 10.12.2019 10:13

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен тұтынушылардан келіп түскен 32 өтініштердің негізінде «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалына жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) – тармақшаларына сәйкес, табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілемеуге міндетті.

Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалы жоғарыда аталған заңнама талаптарын бұза отырып, тұтынушыға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынбаған.

Тексерулер нәтижесінде, Департамент «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалына 32 әкімшілік өндірісін қозғады және табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқамалар енгізілді.

                                        Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті.