Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жазалау

« Назад

Заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жазалау 12.08.2019 11:31

     Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалына жеке кәсіпкердің өтініші негізінде 2019 жылғы 30 мамыр – 11 маусым аралығында жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
     «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 4), 5) – тармақшаларына сәйкес, табиғи монополия субъектісі, осы Заңның 24-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға; тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға міндетті.
     Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалының тұтынушының газ таратуға қатысты жұмыстардың аяқталғанын хабарлап, газ жүйесіне қосуды сұраған өтінішіне берген жауабында, реттеліп көрсетілетін қызметке қол жеткізуге қатысы жоқ құжаттар сұратылған.
      Сонымен, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалы жоғарыда аталған заңнама талаптарын бұза отырып, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынбаған. Тексеру нәтижесінде, Департамент «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалына қатысты әкімшілік өндірісін қозғады және «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қызылорда өндірістік филиалы ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған жалпы сомасы 4,0 млн теңгеге айыппұл салынды. Сонымен қатар, субъектіге табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің 
Қызылорда облысы бойынша Департаменті.