Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Вирусты гепатит "А" ауруының алдын алу шаралары

« Назад

Вирусты гепатит "А" ауруының алдын алу шаралары 13.02.2018 09:32

   Денсаулық – адам өмірінде басты құндылық. Егер адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей, ұзақ өмір сүрген болар. Дегенмен, бүгінгі таңдағы алаңдататын ең басты мәселе – қоршаған ортаның ластануы, осыған қоса дұрыс күтімнің, жеке бас тазалығының жеткілікті дәрежеде жүргізілмеуі. Осының салдарынан көптеген жұқпалы аурулар тарайды.  Дегенменде, көптеген жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары уақытылы, сапалы жүргізілсе, мұндай аурулардың алдын алуға болар еді.
   Вирусты гепатит А - бауыр зақымдануынан туындаған вирустық өткір жұқпалы ауру.  Ауырған науқас адамдар инфекция көздері  болып табылады. Вирус гепатитінің қоздырғышы қоршаған ортаға нәжіс арқылы бөлінеді, содан кейін дені сау адамнын  ағзасына ластанған сумен немесе тамақпен беріледі. Вирусты гепатит "А" сыртқы орта факторларына және дезинфекциялық құралдарға  жоғары тұрақтылығымен  ерекшеленеді, вирустың тамақ өнімдерінде өмір сүру ұзақтығы 1 жылға дейін жетеді.
   Көбінесе ауру тұмауға ұқсас ауру белгілерімен  басталады, тәбеттің жоғалуы, жалпы әлсіздік, жүректің айнуы, құсу, қызудың көтерілуі. Алайда, науқасты бұл тоқтатпайды, олар әдеттегідей жұмысын жалғастырып  дәрігерлерге жүгінбейді.
   Алғашқы белгілері  қарапайым зәрдің түсі өзгереді, несептің  сары  түстен қоңыр,  сыра түстіге дейін өзгеруі байқалады. Науқастың жақын туыстары бірінші болып байқайтын тағы бір белгісі ол көздің (көз белоктарының) сарғайуы.
   Гепатит ауруының келесі классикалық белгісі нәжістің түссізденуі болып табылады. Айта кету керек вирусты гепатит "А" сарғаюсыз өтетін инфекциялар болуы мүмкін, ол кезде жүрек айну, тәбеттің жоғалуы және іштің ауруы мүмкін.
   Сарғаю әдетте жас ұлғайған сайын жиі тіркеледі, 5 жасқа дейінгі балаларда сарғаю сирек кездеседі, көбінде гепатит "А" сарғайуы түрі – ересектерде кездеседі. Гепатит "А" ауруынан көз жұму, өлім-жітім  1%-ден 30%-ға дейін болуы мүмкін. Бұл ретте өлім-жітім жас ұлғайған сайын арта түсуі созылмалы бауыр ауруының  көбеюіне байланысты айқын анықталады.
   Жұқпалы "А" гепатитінен қорғаудың неғұрлым тиімді  жолы екпе жасау іс-шаралары  болып табылады. Жоспарлы екпе жасау 2 жасқа толған балаларға және шұғыл түрде ошақтарда қатынаста болған  14 жасқа дейінгі балаларға арасы 6 ай сайын 2 екпе жүргізіледі.  Вакцинация көмегімен құрылған иммунитет 20 жыл және одан да көп сақталады. Жалпы алдын алу шаралары кәдімгі күнделікті гигиенаны сақтаудан тұрады. Тамақтанудың алдында, дәретханадан кейін қолды сабынмен жуу қажет. Жемістер мен көкөністерді пайдаланар алдында мұқият таза сумен жуу керек. Ет, балық етін және теңіз өнімдерін жеткілікті өңдеуден өткеннен соң қолдану. Қайнатылған немесе құтыдағы таза суды ғана ішу қажет.
    «Өз денсаулығымыз- өз қолымызда» екендігін ұмытпағанымыз жөн.

Г.МЕДЕУОВА,
Қармақшы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының
санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер
талаптарының  сақталуын бақылау бөлім басшысы, денсаулық ісінің үздігі.