Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

«Виртуалды қойма» модуліне қатысты тауарлар санаттарына өзгерістер енгізілді

« Назад

«Виртуалды қойма» модуліне қатысты тауарлар санаттарына өзгерістер енгізілді 11.07.2019 12:35

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына сәйкес  «Виртуалдық қойма» модулі мынадай тауар санаттарына:

- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – автокөлік құралдарына, сондай-ақ ҚҚС бойынша бақылау шоттары қолданылған жағдайдағы тауарларға;

- 2019 жылғы 1 шілдеден бастап – қант-қант шикізатына,тоңазытқыштарға, теледидарларға;

- 2019 жылғы 1 қазандан бастап – шаңсорғыштарға, электрлі қыздырғыш кедергілеріне, фотокамераларға қолданылатынын хабарлайды.

«Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесі Комитеттің http://kgd.gov.kz/ru/content/virtualnyy-sklad-1порталында жарияланған.

 

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің
Экспорттық бақылау Басқармасы.