Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Улы химикаттарды заңсыз сақтаған тұлға жауапкершілікке тартылды

« Назад

Улы химикаттарды заңсыз сақтаған тұлға жауапкершілікке тартылды 30.04.2020 19:39

Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасымен пестицидтердің және улы химикаттардың айланылымының заңдылығына үнемі талдау жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 12-бабына сәйкес пестицидтердi сақтау, өткізу және қолдану пестицидтердiң адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiнiң болмауын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.05.2008 жылғы №515 қаулысымен бекітілген «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің 39-тармағына сай пестицидтерді сақтау бұл үшін экологиялық қауіпсіздік, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына жауап беретін арнайы қоймалық үй-жайларда жүзеге асырылуы қажет.

Табиғат қорғау прокуратурасымен осы бағытта жүргізілген талдау нәтижесімен «Абзал и К» ЖШС-гі егін алқаптарын пестицидтермен өңдеу жүзеге асыру үшін оларды заңсыз сақтағандығы анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде «Абзал и К» ЖШС-гі 27.04.2020ж. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 377-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қысқартылған тәртіпте 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (138 000 теңге) айыппұл салынды.

Осылайша қоршаған ортаны ластаудың және жануарлар дүниесіне залал келтірудің алды алынды.

Қызылорда облысының

Табиғат қорғау прокуроры.