Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Уақытша тауарларға арналған декларациясының ерекшеліктері

« Назад

Уақытша тауарларға арналған декларациясының ерекшеліктері 26.06.2019 17:30

Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлар номенклатурасының 27-тобының, яғни мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау кезінде алыс-жақын шет елдерімен тауар айналымын жақсарту мақсатында, кедендік әкімшілендіруді оңтайландыруға бағытталған уақытша тауарларға арналған декларациялау қарастырылған.

Атап айтсақ, барлық қағаз құжаттарды яғни: келісім-шарт, есеп-шоттар, тасымалдау құжаттары, экспорттық квота және тағы басқа тиесілі ілеспе құжаттарды электронды түрде ұсынылады. Аталған құжаттар «Астана-1» салықтық және кедендік әкімшілендірудің электронды ақпараттық жүйесінің базасында сақтаулы тұрады.

Уақытша тауарларға арналған декларациясыныңбағандарын толтыру Кеден Одағының Комиссиясының 20.05.2010жылғы №257 Шешіміне сәйкес жүргізіледі.

2019 жыл басынан бері Қызылорда облысы аумағынан 255 мың тоннаны құрайтын тауарлар 54 уақытша тауарларға арналған декларациясы арқылы ресімделіп, ал 2018 жылы 511 мың тонна құрайтын 105 уақытша тауарларға арналған декларациясы ресімделіп шет мемлекетке экспортталған.

 Уақытша тауарларға арналған декларациясы төмендегі тәртіппен жүргізіледі:

-тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы экспорталатын болса: тауарларға қатысты саны немесе, кедендік құны туралы және көлік құралдары жайлы дәл мәліметтерді ұсыну мүмкін болмайтын жағдайларда тауарларға арналған уақытша декларация беру арқылы жатады;

- Қазақстан Республикасының аумағынан әкету/әкелу кезеңі  күнтізбелік айдан аспауға тиіс;

 - тауарларға арналған уақытша декларацияны кеден органдары беру басталғанға күнтізбелік 15 (он бес) күн қалғанда ғана қабылдайды;

 - тауарлар әкелінгеннен немесе жөнелтілгеннен кейін декларант осы тармаққа сәйкес тауарларға арналған толық декларацияны беруге міндетті. Толық декларация дегеніміз – әкелінген/әкетілген тауарлардың нақты салмағы, бағасы мен алушысы туралы толық мәліметтер жиындығы.Алайда, өткізілген тауарлардың саны тауарларға арналған уақытша декларацияда мәлімделген саннан аспауға тиіс.

Тауарларға арналған толық декларацияны беру тауарларға арналған уақытша декларацияда мәлімделген тауарларды беру кезеңі аяқталған күннен, яғни тауар жөнелтілген айдың соңғы күннен кейінгі күннен бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Өтініш бойынша,толық декларацияның ұсыну мерзімін 45(қырық бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарта алады;

-Уақытша тауарларға арналған декларациялау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде кедендік-тарифтік реттеу шаралары, кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері, кедендік декларациялау үшін кедендік алымдардың мөлшерлемелері, салықтардың мөлшерлемелері, кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары, кеден органы тауарларға арналған уақытша декларацияны тіркеген күнге қолданыста болатын валюта бағамдары қолданылады;

-егер уақытша тауарларға арналған декларацияны беру кезінде нақты сатып алушы  айқындалмаса, онда декларант іс жүзіндегі сатып алушылардың саны бойынша кейіннен бірнеше толық кедендік декларацияны ұсынуға болады;

-кедендік баждарды, салықтарды уақытша кедендік декларацияны беру кезінде кеден органдары тауарларды шығарғанға дейін төлейді. Егер төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы көрсетілген мәліметтерді нақтылау нәтижесінде көбейсе, қосымша ақы төлеу тауарларға арналған толық декларацияны берген кезде, оларды кеден органдары шығарғанға дейін жүзеге асырады. Көрсетілген жағдайда өсімпұлдар есептелмейді. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың артық немесе қате төленген сомаларын қайтару заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;

-егер уақытша тауарларға арналған декларациядағы ұсынылған тауарлар белгісіз себептермен  Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілмесе, онда тауарларға арналған уақытша декларация заң тәртібімен кері қайтарып алуға жатады.

Жоғарыда аталған уақытша тауарларға арналған декларациялау Қазақстан Республикасының, Еуразиялық экономикалық одақтың заңдылықтарына сәйкес жүргізіледі.

Қиянбеков Бейбіт Шәдіұлы,
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Кедендік бақылау Басқармасының бас маманы.