Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Тауарларды электронды сақтау- сыбайлас жемқорлықты болдырмау механизмдерінің бірі

« Назад

Тауарларды электронды сақтау- сыбайлас жемқорлықты болдырмау механизмдерінің бірі 26.12.2018 12:37

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап «Астана-1» ақпараттық жүйесінде  тауарларды сақтаудың электронды нұсқасы пилотпен енгізілді.

«Астана-1» АЖ-де  әзірленген «Тауарларды сақтау құжаты» бернесі уақытша сақтау орындарының (уақытша сақтау, өз тауарларын сақтау қаймалары және кеден қоймасы  ж.б) иелеріне сақтауда тұрған тауарлардың есептен шығарылуын нақты уақыт режимінде, сондай-ақ транзиттік декларациялардың жабылуы жөнінде мәліметтерді қараумен, тауарларға арналған декларациялардың шығарылуын қадағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тауарларды сақтаудың электронды болжамы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға  кеден органдарының белгілері бар  тауарларға арналған декларацияны ұсынбаусыз тауарларды уақытша сақтау орындарынан алуға, сол арқылы тиісті амалдарды қысқарту мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар  және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары арасындағы нақты қарым-қатынасты жоя отырып, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының әлдеқайда азаюын қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде, уақытша сақтау қоймалары  иелерінде  «Астана-1» АЖ-де  сақтауда тұрған тауарларды шығарылғанға дейін есептеу жүйесін электронды жүргізуге мүмкіндік береді.

Кедендік үдерістердің автоматтандырылуы бойынша қабылданған шаралар, бизнеске қолайлы жағдайлар жасау мен аталған сала қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Б.Қиянбеков,
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер Департаментінің бас маманы.