Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

«Тал күні» акциясы

« Назад

«Тал күні» акциясы 15.11.2017 10:33

    Облыс әкімімен бекітілген «Туған жер» бағдарламасын Қызылорда облысында іске асыру мақсатында 2017 жылғы 11 қарашада халықты, ерікті ұйымдарды тарта отырып, облыстық барлық аумағында «Тал күні» акциясы ұйымдастырылды.
     2 фото УПРБұл акцияның негізгі мақсаты – өңіріміздің жасыл желеке, әрі көркейген аймаққа айналуына өз үлесімізді қосу болып табылады.
    Аталған акцияға облыстық басқармалар, департаменттер, инспекциялар, қала, аудан әкімдіктері ұйымшылдықпен қатысты. Оның ішінде, Облыстық саулет-құрылыс бақылау, білім, қаржы, ішкі саясат басқармалары, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік, статистика департаменттері белсенділік танытып, басшылық құрам3 фото УПРы мен қызметкерлері толық қатысты.
   Жалпы акцияға облыс бойынша 5,5 мыңнан астам, оның ішінде 45-тен астам облыстық басқармалар, департаменттер, инспекциялар тарапынан 700-ге жуық адам күші мен арнайы техникалар жұмылдырылып, 12 000 дана әртүрлі ағаш көшеттері егілді. Оның ішінде 3000 – данасы жиде ағашының көшеттері. 
    Бұл акция жыл сайын дәстүрге айналып, келесі жылдары өңіріміздің басқа да аймақтарына осы тектес көшеттер отырғызылатын болады.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.