Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Табиғатты қорғау – маңызды бағыт

« Назад

Табиғатты қорғау – маңызды бағыт 20.02.2017 08:50

Н.Бекежанов  атындағы  Қазақ   музыкалық  драма  театрында  2017  жылдың  15  ақпанда Қырымбек   Көшербаев  халық  алдындағы  есепті  кездесуін  өткізді.  Облыс әкімінің  есебіне  ҚР  Энергетика  министрі  Қанат Бозымбаев  қатысты.  Қызылорда облысындағы  экологиялық ахуалдың жаксаруы үздіксіз еңбектенуді талап етеді.  Министр Сыр еліндегі экологиялық мәселелеріне, табиғат қорғау іс-шараларының   ауықымдылығына, нәтижелілігіне назар аударып өтті.

- Экология  саласындағы тағы бір маңызды бағыт - табиғат  қорғау  іс-шараларын  жүзеге асыру.  2016  жылы  облыс  бойынша  5,8 млрд. теңге жұмсалды, оның ішінде табиғат пайдаланушылардың есебінен– 5,4 млрд. теңге қарастырылды, экологиялық заңнаманы сақтау жөнінде 194 тексеріс жүргізіліп, 429 бұзушылық анықталды, бұзушылықтарды жою туралы 405  нұсқама берілді, - деді Қ.Бозымбаев.

Энергетика министрі табиғат  қорғау жұмыстарының үлгісі ретінде  «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз», «ҚуатАмлонМұнай», «Эко-Сервис» компаниялардың  қызметін атап өтті.

Сонымен қатар, министр қоршаган орта сапасын жақсарту, шығарындыларды қысқартудың үшін нысаналы көрсеткіштер мәселеге облыс әкімді К.Көшербаевті көңіл бөліп сұрады.

Қ.Бозымбаев облысының мұнай өндіру, облыс елді мекендерін «көгілдір» отынмен қамтамасыз ету, электр энергиясын тұтынуда туындап жатқан  мәселелерге де тоқтатылды.

Қанат Алдабергенұлы сөзінің соныңда Елбасы қойған міндеттер мен мақсаттарды Қызылорда облысы тұрғындары толығымен  орындайтынына сенім  білдіріп, Сыр еліне сәттілік тіледі.

 СТ редакциясы.