Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

« Назад

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері 21.02.2018 08:27

   Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында басқарма қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының тоғызыншы бағытына арналған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты тақырыбында 09 ақпан 2018 жылы семинар өтті. Семинарды басқарма басшысы Қ.Сүлейменов төрағалық етті. Күн тәртібіндегі мәселе ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының тоғызыншы бағытына арналған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» тақырыбында болды.  Семинарда «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу, пара алудың жағдайлары, жалған кәсіпкерлікті ұйымдастыру және қатысу, салық төлеушінің әкімгершілік жауаптылыққа тартпау және сыбайлас жемқорлытың алдын алу жайлы айтылды.
   Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықпен  күресті күшейтуді, оны болдырмау мақсатында қызметкерлер арасында талдау жасап, қызметкерлерге алдын-алуды тапсырды.
   Сыбайлас жемқорлықпен  күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі парақорлық екенін айтып өтті. Пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажеттілігін түсіндірді. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет екендігін, парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіретіндігін ескертті.
   «Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттің қоғамның дамуына тежеу болатын, мемлекеттің болашағына кері әсерін тигізетін індет» екенін айтып өтті. Сыбайлас жемқорлық көріністері мен күресу қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына тосқауыл қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу барлық мемлекеттік органдардың міндеті екендігін атай келіп, Мемлекеттік кірістер органдарының да қызметі мемлекетімізге заң талаптарының орындалуы және әрбір азаматтың заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қадағалай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында көптеген іс-шаралар жасалып, жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.
    Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу туралы іс-шараларын, семинар, дөңгелек үстелдер жасауды тапсырды.    

Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.