Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Тұрғындардың назарына!

« Назад

Тұрғындардың назарына! 12.07.2018 08:52

Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша экология департаментіне (бұдан әрі - Департамент) Қызылорда қаласы тұрғындары тарапынан қала аумағындағы белгіленбеген орындарға белгісіз тұлғалардың септиктің лас суларын төгіп жатқандығы, көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесіндегі кәріз жүйелерінің бұзылуына байланысты ағынды сулардың сыртқа көп мөлшерде ағып, есік алды ауланы су алып кеткендігі, түрлі деректермен коммуналды қалдықтармен қоршаған ортаның ластануы, сондай-ақ көршілерінің коммуналдық сұйық қалдықтарды тастауға арналған орнынан лас сулардың аулаларына төгіліп жатуына және адамдардың өмір сүру ортасына қолайсыз ахуал туындауына байланысты тиісті тексеру ұйымдастырып шара көру сұралған өтініштер келіп түседі.

Қазақстан Республикасының 29.10.2015 жылғы №375-V ЗРК «Кәсіпкерлік Кодексінің» 132-бабының 2-тармағында  Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) қызметiне қойылатын талаптар нормативтiк құқықтық актiлерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгiленедi. Осы ретте қоршаған ортаны қорғау саласында жоғарыда аталған деректерді реттеу бойынша нормативтік құқықтық актілермен реттелмеуіне байланысты Департамент тарапынан тексеру жұмыстарын жүргізуге негіздемелер болмайды.

Осы орайда өтініште баяндалғандарға сәйкес ортақ пайдалану орындарынын ластау, белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттердің орын алуы байқалуда.  

Осы ретте төмендегілерді атап өтеміз.

ҚР 23.04.2014 жылғы «Қазақстан Респубдикасының ішкі істер органдары туралы» №199-V бұйрығының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтарын қорғауға, 3) тармақшасында құқыққа қарсы қол ұғушылықтан, оқиғалардан және жазатайым жағдайлардан зардап шеккен, сондай-ақ өзінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті дәрменсіз не өзге де күйдегі жеке тұлғаларға көмек көрсету көзделген.

 Аталған құқық бұзушылық үшін  ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін ішкі істер органдарымен әкімшілік шара көру көзделген.

Сонымен қатар Департаментке қала аумағында белгіленбеген орындарға жер бедерін коммуналдық қалдықтармен, сұйық коммуналдық қалдықтармен ластау деректері бойынша да өтініштер келіп түсуде.

Осы ретте Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің  147-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган  (Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге және 7-тармақшасында жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді делінген. Яғни жердің қоқыстануын, ластануы бойынша мемлекеттік бақылау жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған.

Сондай-ақ ҚР Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 18-1) тармақшасына сәйкес аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының (жер қатынастары бөлімі) құзыретіне пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерді анықтау жатқызылған. Аталған кодекстің 147-бабы 2-1 тармағында аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері елді мекен аумағында жеке тұлғаларға қатысты жердің нысаналы мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеу үшін мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi.

Сондай-ақ осы аталған өтініштерде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 176 "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында айқындалған талаптардың сақталмауы байқалады. Осы аталған қағида талаптарының сақталуына бақылауды Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

Осыған орай Департаментке жоғарыда деректер баяндалған типтегі өтініштер келіп түскен жағдайда ҚР 12.01.2007 жылғы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 7-бабы 6-тармақшасына сәйкес аталған өтініштер мазмұнына сәйкес құзыреттілік шеңберінде қарауға өзге мемлекеттік органдарға жіберілуде.

Осы ретте жоғарыда аталған өтінштердегі мән-жайларды қарастыру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатпайтындығын назарға сала отырып, аталған мәтіндегі өтініштерді құзыреттілікке сәйкес тиісті уәкілетті органдарға тікелей жолдаған жағдайда өтініштің мейлінше қысқа мерзімде қаралатынын түсіндіреміз .

Қайсар Дарханұлы Бектібаев,
Қызылорда облысы бойынша
экология Департаментінің мемлекеттік

экологиялық инспекторы.