Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

«Түбіртекті талап ет –жүлдені ұтып ал» атты акциясына қатысайық

« Назад

«Түбіртекті талап ет –жүлдені ұтып ал» атты акциясына қатысайық 19.05.2017 10:14

ҚР Қаржы  Министрлігінің Мемлекеттік  кірістер  комитеті  мен «Атамекен» Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасының ұйымдастыруымен  Қазақстан  Республикасының  барлық  аумағында 2017  жылдың  01  мамыры  мен 30  қараша  аралығында  «Түбітректі  талап ет –жүлдені  ұтып ал» атты республикалық   акциясы  өткізіледі.

Акцияның  өткізілу  мақсаты, Қазақстан  Республикасы  тұрғындарының  салықтық   сауатылығын  дамыту, азаматтардың белсенділігін  арттыру, салық  төлеушілерді  ақпараттандыру, көленкелі  экономиканы қысқарту, салық  және  басқада  бюджетке  төленетін  алымдарыдың  бюджет  есебіне  түсуін  қамтамасыз  ету, құқықтық  мәдениетті  қалыптастыру   және  тұрғындардың қолма  қол  ақшалай есептіліктерін  жүргізу  барысында  бақылау-кассалық  құралдарын  қолданудағы  әлеуметтік –экономикалық  маңыздылығына қоғамдық  пікір  қалытастыру  болып  табылады.   

Акция  белгіленген  Ережеге  сәйкес,  екі кезеңде   өткізіледі.

Бірінші  кезең;  облыстық  деңгейде  және Астана  мен  Алматы  қалаларындағы  Мемлекеттік  кірістер  Департаментері  бойынша.

Екінші  кезең: республикалық  деңгейде  Комитет  бойынша.

Акцияға ҚР кез  келген азаматтарының  қатысуына мүмкіндік  бар. Акцияға  қатысу  үшін   азамат   Республика  көлемінде сауда  орталықтарында (Дүкен, Минимаркет, Супермаркет және т.б.)  орналасқан  бақылау-кассалық  құралдарынан (кассовый аппарат) сатып  алыңған   тауар , жұмыс, қызмет  көрсетілгендігі туралы  түбіртекті    (Чек)  талап  етіп, оны суретке анық күйде түсіріп, «Wipon» мобильдік  қосымша  арқылы  акцияның  өткізу  кезеңінде  ұйымдастырушыларға  жолдайды. Акцияның  өткізілу  кезеңінде  тұрғындарға  «Wipon» мобильдік  қосымшасы   тегін  қамтамасыз  етіледі. Түбіртектегі  баға  0 ден  жоғары  болу  керек  және тауарды  алу  мерзімі  мен сатып  алушының  ЖСН-і анық  көрініп   тұру  қажет. Түбіртектің  (Чектің) мерзімі 01  мамырдан  кейінгі  уақыт  болу  қажет. Акцияның  жеңімпазын  анықтау  акцияның  өткізу  кезеңінде  кез  келген  түбіртекті (чекті)  таңдау  болып  табылады.

 Арал  ауданы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер  басқармасы Республика  көлемінде  өткізіліп  жатқан «Түбіртекті  талап ет –жүлдені  ұтып  ал» атты    акциясына  Арал  ауданының  тұрғындарын  белсенділік  танытып  қатысуға  шақырады. Сіздің  түбіртегіңіз жүлделі  болуы  мүмкін. Қосымша  ақпаратты  2-25-70  телефоны  арқылы  ала  аласыз.

            Арал  ауданы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер  басқармасы.