Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі

« Назад

Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі 21.05.2020 16:04

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талабына сәйкес, табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілемеуге міндетті. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі көзделген.

Бұл ретте, тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі:

- Заңмен көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастырумен;

- табиғи монополия субъектісінің: электр, жылу энергиясын беру, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне, сондай-ақ магистральдық газ құбырларына және мұнай құбырларына, газ тарату жүйелеріне және топтық резервуарлық қондырғыларға қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар берумен;

-тұтынушының реттеліп көрсетілетін қызметке қосуға арналған техникалық шарттарды орындауымен;

- реттеліп көрсетілетін қызметке қосумен немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтумен;

- реттелетін қызметті көрсетуге шарт жасасумен қамтамасыз етіледі.

Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдауды және оны қарау нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорация «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.

Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш бес жұмыс күні ішінде қаралады, оның қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектісі:

-  техникалық шарттарды береді;

- техникалық шарттарды беруден бас тартады.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін тұтынушы табиғи монополия субъектісіне жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігі туралы хабарлайды, ол ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігін тексеруді жүзеге асырады. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде реттеліп көрсетілетін қызметке қосу бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген кезде табиғи монополия субъектісі құрылыс объектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзір емес екендігі туралы тұтынушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін тұтынушы жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлігі туралы қайта хабарлайды.

Реттеліп көрсетілетін қызметке қосу мынадай жұмыстарды қамтиды:

табиғи монополия субъектісінің қолданыстағы желіні ажыратуы;

тұтынушыны қолданыстағы желіге қосуды жүргізу;

табиғи монополия субъектісінің қолданыстағы желіні қосуы.

Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуы реттелетін қызметті көрсету туралы шарт жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Қызылорда облысы 
бойынша департаменті.