Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Сыбайластыққа орын жоқ!

« Назад

Сыбайластыққа орын жоқ! 28.03.2018 08:44

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- еліміздегі күрделі мәселе болып отыр. Осы қоғамға дерт болып енген кеселді жою үшін, бірігіп, күш-жігерімізді салып болдырмау жолдарын қарастыруымыз қажет.
    Елбасымыз атап өткендей- «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық- жай құқық бұзушылық емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады».
   Жалпы айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық-өздерінің лауазымдық өкілеттіліктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланып, немесе мүліктік пайда табу үшін заңда қарастырылған мемлекеттік қызметтегі және оларға теңестірілген тұлғалардың өздері немесе делдал арқылы мүліктік игіліктерді, артықшылықтарды қабылдау емес, ол лауазымды адамдарды заңды және жеке тұлғалардың аталған игіліктерді және артықшылықтарды құқыққа қайшы жолмен ұсынып, параға жығу болып табылады.
  Осыған байланысты, Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды факторларына нормативтік-құқықтық базаны әрі қарай жетілдіруге, іс-шараларды күшейтуге, халыққа қызмет көрсетуде тығырыққа тірейтін көптеген әкімшілік тосқауылдарды болдырмау тәрізді шараларды ұйымдастырып, тоқтап қалмай жалғастыруда. 

  Г.Б.Кожамуратова,
Қармақшы ауданы бойынша МКБ бас маманы.