Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Сыбайластыққа жол берілмейді

« Назад

Сыбайластыққа жол берілмейді 25.04.2019 14:58

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне теріс ықпал ететіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, онымен күрес барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.

Бүгінгі таңда бұл мәселе жоғары маңызға ие болып отыр. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Өз кезегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы барлық мемлекеттік органдарының жұмыс барысында аса маңызды құжат екені айқын. Мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды тетігі болып отырған барлық салада жемқорлықпен күрес басым бағыт ретінде белгіленуі тиіс және солай жасалып та отыр.

Мемлекеттік қызметкерлер бүгінгі күні сыбайластыққа қарсы күреске баса көңіл аударған. Осы жағдайлармен күрестің тиімді нәтижесінде жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау жөнінде кешенді шаралар қабылданған. Жалпы, қоғамдағықандай да болсын келеңсіздіктің алдын алуды әрбір азамат өзінен бастағаны жөн деп есептеймін. Бұл ретте, мен өзін Отанымыздың патриотымын деп есептейтін әрбір замандасыма айтарым, еліміздің биік белестерді бағындаруы, мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруі сынды асыл мұраттарға қол жеткізуіміз біздің Отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты.

А. Кайрбаев,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасының
бас маманы.