Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда заң талаптарының орындалуы

« Назад

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда заң талаптарының орындалуы 03.10.2016 10:39

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның және Президент  Н.Назарбаевтың мемлекеттік саясатының аса маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Қызылорда қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  әрекет бойынша іс-шара жоспары, азаматтардың өтініштері мен шағымдары бойынша жұмыстар жүргізу (жауапты тұлғаларды бұйрықпен бекіту, арнайы журналдар арнау т.б.), құқықтық оқулар, семинарлар ұйымдастыру кестесі, басқарма басшылығының кәсіпкерлер мен тұрғындарымен кездесу, сенім телефондары, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және  ашық күндер кестелері бекітілді. Сонымен қатар, санитарлық-ағарту жұмыстарын  жүргізу тізімі бекітілді.
     Басқармада 2016 жылдың 8 айында  мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 14 семинар, соның ішінде  ҚР БП ҚСжАЕ Комитетінің  Қызылорда облысы бойынша басқарма және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің   өкілдерінің  қатысуымен  7 семинар, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 18.11.2015 жылғы Заңы   бойынша 5 құқықтық семинар  өткізілді. Ақпараттық стендттерде «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың  құқықтарын қорғау Комитетінің аумақтық органдары мен ведомствалық бағыныстағы ұйымдарының құжаттамасы, оның ішінде рұқсат беру құжаттарын қабылдау және беру бойынша Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 03.04.2015 жылғы № 307 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет ету бойынша стандарттар мен регламенттер жөнінде ақпараттар  орналыстырылды. Ғимараттың 1-ші қабатында басқарма басшылығымен  жеке және заңды тұлғаларды қабылдау  кестесі мен өтініштердің үлгілері, Қазақстан Республикасы Президентінің   29.12.2015 жылғы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) көрінетін жерде  ілінген. Басқарма басшылығымен кәсіпкерлермен және халықпен  тұтынушылардың құқықтарын қорғау,  санитарлық салауаттылық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарында  11  кездесулер өткізілді. Басқарманың  1 және 2 қабаттың дәліздерінде, қабылдау және кеңес беру бөлмесінде бейнебақылау камералары орнатылған.
      Салық органдарына мүлік және кіріс туралы декларацияларды қызметкерлермен уақытылы тапсырылды.  Үстіміздегі жылдың 8 айында  басқармаға барлығы 755 арыз-өтініш түсті, соның ішінде  128 арыздар. Арыз-өтініштердің қаралу мерзімі  үнемі бақылауда және апта сайын мониторинг жасалады Барлық түскен арыз-өтініштерге уақытылы жауап берілді.
    Айқындылық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер туралы жұртшылықты хабардар ету мақсатында, БАҚ-қа атқарылған жұмыстар туралы 44 мақала  берілді.                                                                       

  Ж.Рустемова,
Қызылорда қалалық ТҚҚБ-ның
ұйымдастыру, құқықтық  және
мониторинг бөлімінің бас маманы.