Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-баршамызға ортақ парыз

« Назад

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-баршамызға ортақ парыз 09.06.2017 13:55

   Елбасы саясатының бағытына және жоғарғы орган тапсырмасына сәйкес Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылады. Мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қатысуымен  жүргізіп жатқан семинар-кеңестер, дөңгелек-үстелдер, техникалық оқуларды атап айтуға болады.

  Барлық мемлекеттік кірістер органдарында салық саласындағы мемлекеттік қызмет түрлерін сапалы және уақытылы алу үшін салық төлеушілерге оңтайлы жағдай жасалған, өз кезегінде ол қызмет көрсетудің уақытын қысқартады, бэрократиялық кедергілер мен әуре сарсаңды азайтады. Мемлекеттік қызметті алу ыңғайлы болуы үшін «Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығы /АҚО/, салық есептілігінің барлық түрін жөнелту үшін «Терминал» қызмет атқарады. Кезекті реттеу және мемлекеттік қызмет алу уақытын қадағалау мақсатында АҚО электронды табломен жабдықталған. Басқарма тарапынан жергілікті басылымдарға - «Сыр табиғаты», «Бәйтерек»  газеттеріне үнемі мақала, хабарландырулар беріліп отырады. Сонымен қатар, осы басылымдардың сайттарына да мақалалар жарияланады.

   Сонымен қатар, халықтың құқығын қорғау , мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қызметтік этикасының талаптарын сақтамау фактілерін анықтау мақсатында 2-16-71 сенім телефоны жұмыс жасайды және арыз-шағым жәшіктері орналастырылған.

Т.Ысқақов,
Қармақшы ауданы бойынша МКБ.