Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Сыбайлас жемқорлық қауіпті дерт

« Назад

Сыбайлас жемқорлық қауіпті дерт 28.04.2017 08:17

Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық  заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді.

Сыбайлас жемқорлық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге жойылмай отырған кеселдің бірі. «Сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы» заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдардар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұгынылады.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін дерт емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау орта, тыныс тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, дара кәсіпкерлердің, қызметтеріне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі  халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралту жолдарын кесіп, оның ұлғайуына жол бермеу керек.

Мемлекеттіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарың сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абройы мен қадір қасиеттерін құрметтеуге міндетті.

А.Бұғыбаев,
Талдау, есептеу және салықтық
бақылау бөлімінің бас маманы.