Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

« Назад

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! 20.06.2017 10:02

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мемлекеттің алдағы жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын көрсетеді және сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін кешенді шараларды қамтиды. Стратегияда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ахуалына талдау жасалып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар сипатталған, сондай-ақ, оларды жою жөніндегі тәсілдер мен басым шаралар, Стратегияны іске асыру тетіктері көрсетілген.

Осыған байланысты, Стратегияны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлық сипаттағы іс-әрекеттердің алдын алу және оларға жол бермеу мәселелеріне ерекше көңіл аударылады. Осы жұмыс басымды  болып табылатындықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнаманың бұзылуына қарсы әрекет жасау және жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатымен жұртшылықты хабарландыру жөніндегі мемлекеттік шараларды жетілдіруге бағытталған.

Департаментте қол жетімді жерде «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының ресми мәтіндері, Департамент басшылығымен  азаматтарды қабылдау кестесі ілінген, азаматтардың хаттары мен жүгінімдеріне арналған жәшік орнатылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында арнайы дайындалған хабарландыру (1424 – колорталық телефоны) Департамент ғимаратының ішінде келушілерге жақсы көрінетін жерде орналастырылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілер жеке табыс  салығы бойынша декларацияларды жыл сайын уақытылы тапсырылып, Комитеттің «www.kremzk.gov.kz» сайтында жарияланды.

Департаменттің қызметкерлері жеке басының немесе қызметтен тыс мүдделеріне пайдалануына жол беруі мүмкін іс-әрекеттерді болдырмау мақсатымен заңнамамен белгіленген шектеулерді қабылдаған.

Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатымен Департаментте «Сенім телефоны» (26-22-93) жұмыс істейді. 2017 жылы «Сенім телефонына» арыздар түскен жоқ және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзу және сыбайлас жемқорлық қылмыстар фактілері болмады.

Департаментке жүктелген функцияларды жүзеге асыру барысында қызметкерлер табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар  субъектілерінің өкілдерімен, лицензиаттармен қатынас тек арнаулы бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, ол туралы ескертпе хабарландырулар ілінген бөлме арқылы қамтамасыз етіледі.

Департамент басшысының 2017 жылғы 24 наурыздағы №16-НҚ бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша атқарылып, нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сондай-ақ, Департаменттің функциясының бірі - халыққа табиғи монополия саласында мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.  Департамент 4мемлекеттік қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, жемқорлыққа жол бермеу ретінде Департаменттің қызметтерін үкіметтің электронды веб-порталдарынан (egov.kz және elicense.kz) алуға болады.

Сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелік тәсілдеме бағыттарының бірі болып табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдері мен тарифтік сметаларын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізіледі.

Жұртшылықты хабардар ету және Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатымен 2017 жылдың басынан Департаментпен 3 жария тыңдау өткізілді.

2016-2017 жылдары Департаментпен Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі», «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары тақырыбында семинар, нормативтік-құқықтық актілері туралы, мемлекеттік сатып алулар және «Мемлекеттік  аттестация» тақырыптарында құқықтық жалпы оқу дәрістері  өткізілді, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын талқылау бойынша семинар өтті.

Департамент қызметкерлерімен жұртшылықты атқарылып жатқан жұмыс және қабылданған шешімдер туралы хабардар ету мақсатымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс жүргізіледі: бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 88 материал жарияланып, телеарналарда 14 сұхбат берілді.

Сонымен бірге, Департамент басшылығы облыс тұрғындарының туындаған жеке сұрақтарын шешу мақсатында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында 2 қоғамдық қабылдау өткізді. 

Департаментпен 42 жеке және заңды тұлғалардың жүгінімдері қаралды. Оның ішінде жеке тұлғалардан – 21, заңды тұлғалардан – 21. Барлық құжаттар тиісті мерзімдерінде орындалған, мерзімі өтіп кеткен немесе орындалу мерзімдері сақталмаған құжаттар жоқ.

Жыл басынан бері 41 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді, оның ішінде 2 - алқа отырысы,  1 - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жиналыс, 1 – брифинг, 1 – баспасөз-конференциясы, 23 – кездесу, 3 – кеңес, 1 – Әдеп кодексін сақтау жөнінде жиналыс, 1 - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін аттестациялау туралы» семинар, 3 – жария тыңдаулар, 5 – жалпы құқық оқу сабағы бойынша дәрістер

 Г.С. Өтегенова,
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша
 департаменті басшысының міндетін атқарушы.