Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аса маңызды мәселелердің бірі

« Назад

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аса маңызды мәселелердің бірі 26.03.2019 10:30

Қазақстан Республиканың Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауының тоғызыншы басымдығында көрсетілгендей сыбайлас жемқорлықпен күрес аса маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Қазіргі таңда еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалды. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Негізінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап өтуіміз керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды ұйымдастыру ел үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сол себепті, ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту керек. Осы орайда адамдардың сыбайлас жемқорлыққа көзқарасын түбегейлі өзгерту маңызды, қоғам үшін күрделі жəне қауіпті проблеманы шешуден ешкім тыс қалмауы қажет. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында қарастырылған. Бұл заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін талдау жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа институттары енгізілген. Олар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Осы заңға сəйкес, жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру жəне жетілдіру жөніндегі ұсыныстар барысы айтылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама енгізіледі.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық дүниетанымды және нөлдік төзімділікті қалыптастыруға ықпал ететін «Өзіңнен баста» акциясына бүкіл қоғам болып қолдау көрсетіп, ат салысуымыз қажет.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаменті
Экспорттық бақылау Басқармасы.