Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Сыбайлас жемқорлық фактілерін жою басты мақсат

« Назад

Сыбайлас жемқорлық фактілерін жою басты мақсат 26.03.2019 10:26

Мемлекеттің мәртебесі мен оның халқының болашағына зияны күшті жемқорлықтың жолын кесіп, жою әрбір мемлекеттік қызметкер мен азаматтың міндеті, әрі борышы. Бұл туралы еліміздің бірқатар заңнамаларында да нақтылап көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мемлекеттік органдардың беделіне үлкен зиян келтіретін қылмыс екені, және оның зардабының да қаншалықты ауырлығы, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының жеке құрамы мен олармен байланыстағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, салық төлеушілерге де тұрақты түрде түсіндіріліп келеді.

Ең біріншіден сыбайлас жемқорлық дегеніміз - мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі тұлғалардың сатылғыштығы, парақорлығы. Бұл дегеніміз, өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. Атап айтқанда, осы керексіз әрекетті болдырмау, алдын алу үшін, сыбайлас жемқорлық үшін тәртіптік, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, қолданылуда. Олардың ішінде, “Мемлекеттік қызмет туралы” және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”  Қазақстан Республикасының заңдарын атап өтуге болады.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.

Ең бастысы  адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Өкінішке орай, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

Қазіргі таңда,  Департамент тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет.

Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, тәуекелділікті жою жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Соның ішінде, қызмет барысында сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдікті тудыратын себептерді, мән-жайларды анықтау, орын алуына жол бермеу бағытындағы жұмыстарды тұрақты жүргізу,осы келеңесіздіктерді жою басты міндетіміз болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер Департаменті

Экспорттық бақылау Басқармасы.