Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Сыбайлас жемқорлық - қоғамның басты індеті

« Назад

Сыбайлас жемқорлық - қоғамның басты індеті 26.06.2019 17:26

Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл – індет адамзат баласына жат қасиет. Кеңестік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты, бармақ басты әдеті әлі болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы еліміздің барлық жеке және заңды тұлғаларына қатысты қолданылады. Заң демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа жол бергені үшін қызметтен қуылған адамдарға мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кез келген лауазымда болуға өмір бойы тыйым салынған.

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру – аса маңызды міндет екендігін атап көрсетті.

Сонымен қатар Елбасымыз халыққа арнаған сөздерінде жемқорлық індетінің тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайтынын жиі айтып келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты әрекет оның алдын алуға бейімделген стратегия болғанда ғана мүмкін. Сондықтан, жазалауды қатаңдатумен және қылмыстық қудалауды күшейтумен бірге сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған қосымша шаралар пысықталуда. Осы мәселені шешуде мемлекет пен қоғамның күш салуын біріктіруге аса көңіл бөлінуде.

Сондықтан, мемлекеттің барлық органдары мен лауазымды адамдары өз құзіретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуі тиіс.

О.Искендиров,
Қызылорда облысы бойынша экология
Департаментінің бас маманы.