Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты бағыт

« Назад

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты бағыт 15.04.2020 12:20

Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлық  әлемнің көптеген елдерінде белең алып,  алаңдатып отыған күрделі мәселе болып отыр. Бұл індетпен күресудің, түп-тамырымен жоюдың ортақ  тәсілі болмауына байланысты  әр ел өзінше тиімді жолдарын қарастыруда. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап бұл өзекті мәселемен қарқынды күрес жүргізіп келеді. Сыбайлас жемқорлық  мемлекетік басқарудың тиімділігін, елдің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламалардың орындалуын , экономиканың қарыштап дамуына, инвестициялық тартымдылығына  орасан нұқсан келтіреді. Осы  келеңсіз құбылысты ескеріп Қазақстан  Республикасы ТМД елдері арасында  алғашқылардың бірі болып 1998 жылы 2 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес туралы  Заң  қабылданып, кейін  2015 жылы 20 қарашада сыбайлас жемқорлықпен күрестің мақсаттарымен міндеттерін, негізгі қағидалары мен тетіктерін айқындап өзгерістермен толықтырулар енгізді.  Аталған Заңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде  барлық  мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды  адамдар жүргізуге  міндетті делінген.  Осыған сәйкес ҚР ҚМ МКК Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен жыл сайын Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және Сыбайлас жемқорлықты жоюға арналған іс-шаралар жоспары қабылданып, оны одан әрі іске асыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.  Жыл басынан Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен және осы құзырлы орган  жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының өкілдерімен кездесу өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық принциптерін  нығайту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан  халқына жолдауында 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызын электронды форматқа көшіруді тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарында Сыбайлас жемқорлық жағдайларын барынша болдырмау мақсатында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу барысында салық төлеушілермен тікелей байланыстарын азайту мақсатында бүгінгі күнде, 44 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 37 қызметі автоматтандырылған, соның ішінде Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» арқылы 15 қызмет балама негізде көрсетіледі, баламасыз түрде – 3 қызмет.Сонымен қатар салық төлеушілер E Salyq мобильді қосымшасында салық төлемдер бойынша берешегін тексеру  және көлік құралдары салығының сомасына  қатысты сұрақтарға жауап ала алады. Алдағы уақыттада осы бағыттағы шаралармен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіле береді.

С.Алхайров,
Қызылорда облысы бойынша МКД жетекші маманы.