Сандық технологиялармен жабдықталған бақылау-касса машиналары
« НазадӨңірдің кәсіпкерлік нысандарындағы ескі үлгідегі БКМ-ын ауыстыру «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағадарламасы аясында жүзеге асырылуда. Көрсетілген бағдарламаны іске асыру мақсатында өмірдің түрлі салаларына сандық технологиялар енгізілуде, себебі олар әлемнің экономикасы дамыған елдерінің табысты даму көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осылайша департамент 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап бензинди, дизельді отын мен алкоголь өнімдерін сатуды жүзеге асыратын салық төлемгерлерінің БКМ-ын ауыстыруды жүзеге асырды.
01.01.2016 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметтің 10 түрі бойынша БКМ-ы ауыстырылды. Олар мыналар: ағаш, құрылыс материалдары мен санитарлық –техникалық жабдықтардың көтерме саудасы; Компьютерлерді, перифериялық құрылғыларды және бағдарламалық қамтамасыздандыруды бөлшек сату, Бөлшек дыбыс және бейне жабдығы; электрлік тұрмыстық техниканы бөлшек сауда да сату; жиһаз, жарықтандыру жабдықтары мен басқа тұрмыстық заттардың бөлшек саудасы; Мейрамхана бизнесі; Шаштараз және сұлулық салондарын ұсыну. 01.10.2018 жылдан бастап БКМ-ның 17 қызмет түріне ауыстыру жүзеге асырылды. Олардың ішінде күнделікті өмірде ең жиі кездесетін түрлері: жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөліктерді сату; автокөлік құралдарын жөндеу; автомомбильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтардың көтерме және бөлшек саудасы; сусындардағы көтерме сауда; фармацевтикалық тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы; киім саудасы; бояулар мен шыныдан жасалған сауда; күрделі қызмет; сағаттар мен зергерлік бұйымдарды сату.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ашық сауда базарларындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимі бойынша жұмыс істейтін дара кәсіпкерлер ДБФ бар БКМ қолдануға міндетті. Сондай-ақ, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына сәйкес сандық технологиялармен жабдықталған БКМ-ын келесі салық төлемгерлері қолдануға міндетті.
2019 жылғы 1 сәуірден бастап кәсіпкерлік қызметтің 323 түрі, оның ішінде жиі қолданылатын кәсіпкерлік түрлері: жолаушыларды жеңіл автокөлікпен тасымалдау (такси); жолаушыларды автобуспен тасымалдау; тасымалдау қызметі; кірпіш өндіру; автокөліктерді және жеңіл автокөліктерді жалға алу немесе беру; ғимараттар құрылысы, әрлеу жұмыстары; нан өнімдерін өндіру; компьютер жөндеу, тағы басқа түрлері. 2019 жылғы 1 шілдеден бастап кәсіпкерлік қызметтің 86 түрі, оның ішінде кәсіпкерлік түрлері: нақтыланбаған тауарлардың көтерме саудасы; басқа да бөлшек сауда; кең ассортименттегі тауарлардың басқа да бөлшек саудасы, тағы басқа түрлері. 2019 жылдың 1 қазанынан бастап кәсіпкерлік қызметтің 224 түрі. Олардың ішінде өңірдегі кәсіпкерліктің ең көп тараған түрі: жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару; мектепке дейінгі (алдын ала) білім беру, тағы басқа түрлері. Жоғарыда көрсетілген ережелер қоғамдық телекомуникация желісі жоқ жерлерде жұмыс істейтін салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен «Атамекен» ҰКП онлайн БКМ енгізуді 2024 жылдан 2020 жылға шегеру туралы шоғырландырылған шешім қабылдаған, яғни 2019 жылы қолма-қол ақшамен есеп айырысатын облыс кәсіпкерлерінің барлығы ДБФ бар БКМ қолдануды қамтамасыз етулері қажет.
М. Дакибаев,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер Басқармасының бөлім басшысы.