Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Салық төлеушілердің мүдделері қорғалады

« Назад

Салық төлеушілердің мүдделері қорғалады 28.03.2018 08:51

   Жаңа Салық кодексі бойынша мемлекеттік кіріс органдары тарапынан салық төлеушілерді бақылау жұмыстары барынша азайтылды. Бұл әсіресе, тәуекелі төмен салық төлеушілерге қатысты. Салық төлеушілердің міндеттемелерін өз еріктерінше орындауына бағытталған шаралар легі қабылданды. Ондағы басты мақсат-адал салық төлеушілердің мүдделерін қорғау. Яғни төлемге қатысты барлық түсініксіз, даулы жағдайлардың барлығын ендігі уақытта салық төлеушінің пайдасына шешетін тетіктер көбейтілді. Шағын бизнестің ауыртпалығын көтермеу мақсатында қосылған құн салығының қолданыстағы көрсеткіші, яғни 30 айлық есептік көрсеткіш сомасы бұрынғысынша қалады. 2019 жылдан бастап ел ішінде тауар алуға байланысты ерікті негізде қосылған құн салығы бақылау шотын енгізу арқылы дебеттік айырма қайтару тетіктері қарастырылып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, электронды сатулардан түскен табыстар корпоративтік табыс салығынан және жеке кіріс салығынан босатылған. Жаңа салық кодексінде көрсетілгендей, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар корпоративтік табыс салығының үлес пайдасынан және артық жұмыс атқару көрсеткіштеріндегі құнның өсуінен босатылғанын айта кету керек. Ондай компаниялар кен орнын шолуға қажетті шығындарды өндіру жұмыстары басталғаннан мұнай-газ кеніштерін пайдалануға қатысты балама салық түрі енгізілген. Кэмір өндіруге қатысты экспортқа ұстеме пайдаға салынатын рента салығын ауырпалық салығына ауыстыру алынып тасталды. Өндірілген пайдалы қазбаларға тиісті төлем 6 пайыздан 3 пайызға төмендетіліп отыр.

    Салық төлеу тәртібін арттыру мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесіне өзгеріс енгізілді. Яғни салық төлеушілердің әртүрлі санаттарына салықтық әкімшілендіруінің түрлі тәсілдері қолданылады.*Жасыл топ* аталатын бірінші санатқа тәуекел дәрежесі төмен салық төлеушілер жататын болады. Оларға тексерулер жүргізілмейді, есеп тапсыру, берешекті төлеуе мерзімдерін өзгерту түріндегі босаңсыту, көлбеу мониторинг жүргізуге қатысу мүмкіндігі және тағы басқалар қаралатын болады. Тәуекел дәрежесі орташа топқа әкімшілендірудің орташа тетіктері қолданылады, хабарлама жіберіледі, орындалмаған жағдайда салық бақылауы шаралары жүзеге асырылады. *Қызыл аймаққа* тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілер жатады. Оларға ерекше назар аударылады және салық міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамаған жайғдайда кіріс органдары жедел әрекет ететін болады.

 А.Ержанов,
Қармақшы ауданы бойынша МКБ.