Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Мемлекеттік қызметшілердің табысын декларациялау тәртібі

« Назад

Мемлекеттік қызметшілердің табысын декларациялау тәртібі 24.03.2017 16:14

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы »Кодексінің 185- бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер ,сонымен қатар ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының» талаптарына сай декларация табыс ету міндеттемесі жүктелген тұлғалар тұрғылықты жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі  жылдың 31 наурызынан кешіктірмей жеке табыс салығы және мүлкі туралы декларациясын / 230.00 нысанды / табыс етуге міндетті.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында онлайн-электрондық есептілік режиміне көшу міндеті жүктелгендігі барлығымызға мәлім . Елбасының жолдауына сәйкес мемлекетіміздің электронды үкімет құру саясатын іске асыру мақсатында салық қызметтерін электронды түрде алуға қолайлы жағдай жасалған .

Осыған орай, Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметшілердің жеке табыс салығы және мүлкі туралы декларациясын қабылдауды жүйелендіру және қабылдау кезінде салық декларациясын тапсырушыларға оңтайлы жағдай жасау мақсатында , мемлекеттік қызметшілердің электронды цифрлік қолтаңбаларының мерзімі аяқталған немесе жоғалған жағдайда электрондық салық төлеуші ретінде тіркелуді / криптографиялық кілт алу / ұсынады .  ҚР ҚМ МКК-нің ресми веб-порталында жұмыс жасайтын қосымша «Салық төлеушілер кабинеті» арқылы да кез келген уақытта есептілікті тапсыруға болатынын ескертеді .

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Кодексінің 274-бабына сәйкес, Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының / зайыбының/ салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді  ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық анық ұсынбауы , 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  айыппұл салуға әкеп соғады .

Г.Қожамұратова,
Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы.