Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиналыс өтті

« Назад

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиналыс өтті 02.07.2019 11:07

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «23-маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай» арнайы салтанатты жиын өткізілді. Департамент басшысы Ғ.Қ.Орынов қызметкерлерді  кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік қызметшілердің бүгінгі рөлі, мойнындағы міндеттері үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін атап өтті.
Жиын барысында мемлекеттік қызметке жақында қабылданған жас мемлекеттік қызметші А.Баймағанбетов салтанатты түрде ант қабылдады. Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткізілген облыс әкімінің жүлдесіне арналған XXV мемлекеттік және ведомство қызметкерлерінің  дәстүрлі спартакиадасында, департамент спортшылары жалпы командалық есепте І-орын алды.  Жеңімпаз спортшылар Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломымен  мараппатталды.     Сонымен қатар, департаменттің бөлім басшысы  А.Жүнісоваға   Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің алғыс хаты табысталды.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті
Түсіндіру жұмыстары Басқармасы.