Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Әлеуметтік төлемдер,айыппұлдар мен өсімпұлдар, мемлекеттік баж: есепке алу,есепке жатқызу және қайтару

« Назад

Әлеуметтік төлемдер,айыппұлдар мен өсімпұлдар, мемлекеттік баж: есепке алу,есепке жатқызу және қайтару 28.03.2018 08:49

   Ағымдағы жылдың 1 қантарынан бастап қолданысқа енгізілген ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық көдексіне сәйкес /әрі қарай-Салық көдексі/, салықтық міндеттеменнің, әлеуметтік төлемдері, айыппұлдар мен өсімпұлды аудару бойынша міндеттің, орындалуын есепке алуда, салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтаруда, мемлекеттік баждың төленген сомаларын қайтару мәселесі біршама ықшамдалып отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қантарынан бастап қолданысқа енгізілген ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Салық көдексінің /әрі қарай-Салық көдексі/ 98 бабымен салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізу тәртібі белгілінген.

  1.Салық төлеушінің  талап етуі бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізеді. Салық төлеушінің деректері мен салық органы деректерінің арасында алшақтықтар болған жағдайда, алшақтықтар анықталған кұннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы мен салық төлеуші туындаған алшақтықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды. Қажет болған жағдайда салық төлеушінің жеке шотына түзетулер енгізіледі. Бұл ретте салыстырып тексеру актісінін рәсімдеу қарастырылмаған.

   Осыған дейін қолданыста болған Салық көдексінде салыстырып тексеру аяқталған соң, бекітілген нысанда салыстырып тексеру актісі берілуі тиіс болатын. Салық көдексінің 97-бабына сәйкес салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салық органдары салық төлеушінің жеке шотынан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, айыппұлдардың, өсімпұлдың, өсімпұлдың барлық немесе жекелеген түрі бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді-көшірмені мұнай өтінішті салық органы тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде беріледі.

  Осыған дейінгі қолданыста болған Салық көдексінде үзінді-көшірмені беру мерзімі 2 жұмыс күні болатын. Салық көдексінің 101-бабымен салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің,өсімпұлдың артық төленген самысын есепке жатқызуды және қайтаруды мынадай тәртіппен:

  1*Салықтық өтініш негізінде есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізген жағдайда-салық органдары осындай өтінішті тіркеген күннен бастап;

    2*өтінішсіз есепке жатқызуды жүргізген жағдайда –салық төлеушінің жеке щотында артық төленген сома түзілген күннен бастап есептелетін он жұмыс күні ішінде жүргізетіндігі қарастырылған.Салық кодексінің 108-бабына сәйкес, салық органы мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың құқыққа сыйымдылығы растайтын құжатының негізінде жүргізеді. Осыған дейінгі қолданыста болған Салық көдексімен осы көрсетілген құжаттармен қоса, мемлекеттік баждың төлегені туралы төлем құжаты қоса ұсынылуы тиіс болатын. Осы ретте, алдағы уақытта бұл құжат талап етілмейді.

Қ.Шалов,
Қармақшы ауданы бойынша МКБ.