Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Кеден құқығы

« Назад

Кеден құқығы 26.06.2019 16:32

Біздің компаниямыз шетелден лак-бояу өнімдерін импорттайды. Осыған байланысты компания өнім беруші ретінде әкелінетін лак-бояу өнімінің санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетінін тексеруден өткеннен кейін, оны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ресімдеді. Басқалармен қатар, куәлікте біздің компаниямыздың заңды мекенжайы да көрсетіледі. Алайда іс жүзінде компаниямыз оны ауыстырып, басқа жерге орналасқан. Компания бұрын берілген куәлігін ауыстыруы керек пе? Рәсімі қандай?

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттың бірыңғай нысанын ресімдеу тәртібі туралы ереженің 16-тармағында көзделгендей, өнімнің (тауарлардың) санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкестігі бөлігінде оның қауіпсіздігін растайтын құжат, егер төмендегідей өзгерістер:

  • ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны (мысалға, ЖШС-дан АҚ-ға нысанын өзгерткен жағдайда);
  • ұйымның заңды мекенжайы;
  • өнімді дайындаушының не мәлімдеушінің атауы өзгеруі орын алған болса, қосымша немесе қайталама зерттеулер (сынақтар) жүргізбей ауыстырылуға тиіс.

Бұл жағдайда уәкілетті органға – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетіне- заңды мекенжайы бөлігінде бұрын берілген куәлікке, куәліктің түпнұсқасына, сондай-ақ мекенжайдың ауысқанын растайтын құжатқа өзгерістер енгізу туралы өтініш жіберу керек.

Бейбіт Шәдіұлы Қиянбеков,
Қызылорда облысы бойынша МКД

Кедендік бақылау басқармасының
бас маманы.