Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ӨЗІНІҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНІМДІ БОЛА ТҮСТІ

« Назад

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ӨЗІНІҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНІМДІ БОЛА ТҮСТІ 20.02.2017 08:49

Бұл туралы 15 ақпандағы тұрғындармен есепті кездесуінде  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады. Кездесу барысында ол   жыл сайын БАҚ-та жарияланатын облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын бейнелейтін облыс әкімінің іс-қимыл Жоспарының жүзеге асырылу барысы туралы айтты.

-2016 жылға арнап қабылданған облыс әкімінің Іс-қимыл жоспары, бұдан  2 жыл бұрын қабылданған бағдарламалар секілді, негізінен дағдарысқа қарсы Іс-қимыл жоспары қызметін атқарды. Жылдың негізгі басымдықтары жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселелері, бағаны ретсіз өсірмеу, экономиканы әртараптандыру мен инфрақұрылымды бюджеттік мүмкіндіктердің шектеулігіне байланысты мемлекеттік-жекелік серіктестік пен халықаралық қаржы ұйымдары арқылы дамыту мәселелері болды,-деп атап өтті аймақ басшысы.  

2016 жылдың іс-қимыл Жоспарына 207 шара енгізілген болатын.

–2015 жылдың өзінде Қызылорда облысында табиғи өсім 2 есеге өсті. 1000 адамға шаққанда 20 промилле болса (1000 адамға шаққанда 20 адам), 2016 жылы бұл көрсеткіш 21,2 промиллеге  жетті. Демек, адамдар өзінің болашағына сенімді бола бастаған. Туу көрсеткіші өсіп, өлім көрсеткіші азайды,-  деп мәлімдеді облыс әкімі.

Официальный портал Акимата Кызылординской области newsletter