Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің 2017 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстарының нәтижелері

« Назад

Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің 2017 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстарының нәтижелері 08.12.2017 11:09

 І. Мемлекеттік экологиялық бақылау қызметі

Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2017 жылдың 11 айында қоршаған ортаны қорғау саласында барлығы 118 субъектіге тексеру ұйымдастырылды. Оның ішінде 71 ішінара, 47 жоспардан тыс.

Тексеру қортындылары бойынша 192 кемшіліктер анықталып, анықталған кемшіліктерді жоюға 194 нұсқама берілген.

Табиғат пайдаланушыларға  166 188 523 теңгеге 124 әкімшілік айыппұлдар салынып, 115 айыппұлдың 13 881 898 теңгесі өндірілді. 181 520 тенге құрайтын 2 әкімшілік айыппұл мәжбүрлеп өндірту үшін жеке сот орындаушыларға жолданып, сот орындаушылардың орындауында, қалған 152 125 105 тенге құрайтын 7 әкімшілік айыппұлдардың өз еркімен орындау мерзімі келмеген.

Келтірілген экологиялық залалды өтеу үшін 55 субъектіге 2 098 011 теңгеге рәсімделіп, оның 1 316 376 теңге құрайтын 50 залалы өз еркімен өндірілді, қалған 781 635 теңге құрайтын 5 субъектіге берілген залалдардың өз еркімен орындау мерзімі келмеген.

Сондай-ақ, экологиялық бақылау жүргізу барысында ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын өрескел бұза отырып шаруашылық қызметін жүзеге асырған заңды тұлғаларға байланысты сотқа кемшіліктерді жойғанша тоқтату туралы талап-арыздар беріліп, барлығы 26 объектіні кемшіліктерді жойғанша уақытша тоқтату жөнінде сот шешімдері шығарылды. 

Сонымен қатар, Департаментке есепті кезеңде 82 шағым түсіп қарастырылды. Оның ішінде 16 шағым заңды тұлғалардан, ал 66 шағым жеке тұлғалардан келіп түскен.

II. Мемлекеттік экологиялық сараптама

2017 жылдың 11 айында Департаментте мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде экологиялық заң талаптарының, сонымен қатар әдістемелік нұсқаулықтар мен ережелердің сақталуына аса назар аударылды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 23.04.2015 ж. №301 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына» сәйкес Қызылорда облысы бойынша экология Департаментінің экологиялық реттеу бөлімі төмендегі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

- І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсат беру;

- І санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру.

Осы ретте, Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Комитет тоөрағасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында табиғат пайдаланушылардың экологиялық рұқсаттарды алуға өтінім құжаттары мен мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен жобалық құжаттамаларды қарастыру жөніндегі комиссия құрылған.

Департамент мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсетуге көшуді қамтамасыз ету мақсатында «Е-лицензиялау» мемлекеттік ақпараттық деректер базасы ақпараттық жүйесін енгізген.

Соның нәтижесінде Департамент І санатты нысандары бар табиғат пайдаланушыларға экологиялық рұқсаттар мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру мемлекеттік қызмет көрсету толығымен «Е-лицензиялау» бағдарламасы арқылы көрсетіліп келеді.

Е-лицензиялау арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтарды болдырмау және алдын алу үшін маңыздылығы зор болып табылады.

2017 жылдың 11 айында «Е-лицензиялау» бағдарламасы арқылы мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен 334 жобалық құжаттар қаралған. Оның ішінде 139 жобаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілсе, 118 жоба келісілмеген. Сонымен қатар, алдын ала сараптама сатысында 77 жобалық құжаттар кері қайтарылды.

2017 жылдың 11 айында қоршаған ортаға эмиссияларға 53 рұқсат берілген. ҚР экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес болмауы себебінен 59 рұқсат алу үшін тапсырылған өтінім кері қайтарылған.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 15.04.2013 ж. №88-V Заңының 3-бабында мемлекеттік қызметтер негізгі қағидаттары көрсетілген:

-   көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

-   мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

-   мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

-   мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

-   мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

-   мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

II. Зертхана-аналитикалық  бақылау  бөлімінің 2017 жылдың 11 айында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат

Зертхана-аналитикалық  бақылау  бөлімінің (әрі қарай –Бөлім) атқаратын жұмысы  бөлімге жүктелген қызметтерге сәйкес облыстың қоршаған ортаны ластануын мемлекеттік аналитикалық бақылаудан өткізуге бағытталған.

Бөлім есеп беру уақыты мерзімінде қоршаған ортаға тасталынатын зиянды заттардың шығарындылар мен төгінділердің нормативтерінің сақталуын, атмосфералық ауаның ластануын, тазарту қондырғыларының жұмыс жасау тиімділігін, топырақтың ластануын бақылайды, мекемелердің және кәсіпорындардың аналитикалық мәліметтерінің шынайылығына тексеру жүргізеді.

Бөлім қажетті өлшеуіш құрылғылармен, көмекші жабдықтармен және өлшеу  әдістерінің талаптарына сәйкесті құрылғылармен жабдықталған. Барлық бақылау әдістері мемлекеттік тексеру мерзімінде жүзеге асатын куәліктері бойынша қолданылады.

2017 жылдың 11 айында бөлімде жалпы 2 025 сынама алынған, оларға 12 521 талдау жүргізілген. Су бойынша – 578 сынама, 7 037 талдау жасалған, топырақ бойынша – 433 сынама алынып 1 428 талдау жасалған , ал атмосфера бойынша -1 014 сынама алынып, 4 056 анықтаулар жүргізілген. 2017 жылдың 11 айында мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің инспекторларымен бірлесе 118 мекемеге тексеру жүргізілді. Олардың ішінде 71 ішінара, 47 жоспардан тыс тексерулер.

Е.Іздібаев,
Қызылорда облысы бойынша экология
Департаменті басшысының орынбасары,
Бас мемлекеттік экологиялық инспектор.