Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына енгізілген өзгерістер

« Назад

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына енгізілген өзгерістер 24.03.2017 16:15

Қазақстан Республикасының 26.07.2016 жылғы № 11 IV санды «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына енгізілген өзгерістер шеңберінде ҚР 10.12.2008 жылғы №99-IV санды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы »Кодексіне де түзетулер енгізіліп , аталған Заңға сәйкес толықтырулар мен өзгерістер 2016 жылдың 10 тамызында ресми басылымдарға жарияланып, 2016 жылдың 11 қазанынан бастап күшіне енді.

Осыған байланысты ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016 жылы №553 бұйрығы бекітіліп оның 1 қосымшасына сәйкес Жеке және заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан , шетелдіктерден , азаматтығы жоқ адамдардан ақша және
/немесе/ өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлау қағидалары және мерзімдері бекітілді .

Онда жеке және заңды тұлғалар және заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан 1 теңгеден асатын сомаға, олармен жасалған мәмілелер бойынша ақша және өзге де мүліктерді алғаны және мынадай қызмет түріне :

Заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге, қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеумет танушылық сауалнамаларды /коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда/ зерделеуге және жүргізуге , сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға, аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталғаны туралы орналасқан тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына хабардар етеді.

Хабарлама шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынуға жататын ақша және өзге де мүліктер туралы мәліметтерді міндетті түрде толтырып, мәміле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ұсынылады.

Келісім-шарт сомасын өзгерту бөлігінде бұрын жасалған мәмілелердің шартына өзгертулер енгізілген жағдайда Хабарламаның міндеттерін орындау мерзімі мәміленің шартына өзгертулер енгізілген күннен кейінгі күннен бастап  10 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Мәмілені бұзған жағдайда негізгі хабарламаның тіркеу нөмірін көрсете отырып және «алу» белгісімен көрсетілген сомалық мәнді көздейтін бағанды қоспағанда , бұрын барлық деректемелер көрсетілген бағандарды толтырып , мәміле бұзылған күннен кейінгі күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде «қосымша» түрін көрсете отырып Хабарлама жолданады.

Тұлғалар өз таңдауы бойынша хабарламаны:

Келі тәртібінде – қағаз жеткізгіште және Салық кодексінің 572 бабына сәйкес электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде бар, салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынады.

Аталған Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсінбеген сұрақтарыңыз болса, Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 8 кабинетіне жолығуға немес 2-15-23, 2-42-08 телефоны арқылы ақпарат алуыңызға болады.

Г.Қожамұратова,
Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы.